Сәрсенбі, 07 мамыр, 11:57

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрметті қызылордалық кәсіпкерлер!

05.05.2025

33

0

ric

Қызылорда қаласындағы Сол жағалаудан шағын өндірістік аймақ ашылуда.

Өндірістік аймақ азық-түлік өнімдерін шығаратын жергілікті тауар өндірушілерге таптырмас мүмкіндік. Бұл жерде кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Орталық көлемі 2000 шаршы метр. 10-нан астам кәсіпкер орналаса алады. Ғимараттағы павильондарды  жалға алу ақысы жеңілдікпен ұсынылады.

Аталған өндірістік аймаққа орналасатын кәсіпкерлер бизнесіне қажет құрал-жабдыққа «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жеңілдікпен 3% көлемінде несие ала алады. Кепілге қойылатын мүлкі болмаған жағдайда лизингке алу қарастырылады.

Сондай-ақ, шығарған өнімдерін Сол жағалауда жақын күндері қызметін бастайтын коммуналдық сауда орталығы арқылы халыққа сатуына болады.

Келіңіздер, тамаша мүмкіндікті қолдануға асығыңыздар.

Қосымша сұрақтар бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығына +7 776 886 3388, 40-03-60, 40-02-37 байланыс нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика