Сәрсенбі, 01 қаңтар, 19:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады

28.12.2024

105

0

Жаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірде жаңа нысандардың, әсіресе білім мекемелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп жанындағы қосымша ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

Жаңа жыл қарсаңында бірқатар әлеуметтік нысандар жұмысын бастады

«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында, облыс әкімінің бастамасымен Сыр өңірінде соңғы жылдары байыпты бастамалар қолға алынып, ауқымды жобалар жүзеге асуда.Қаржыны үнемдеп, үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептер мәселесін шештік.

Былтыр 1170 орындық 4 мектеп, осы жылдың басында 550 орындық 2 мектеп қолданысқа берілді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы Шиелі ауданында 988 млн теңгеге 100 орындық, жергілікті бюджет есебінен 926 млн теңгеге Жаңақорған ауданында 150 орындық мектеп табысталды.

Қазан айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан заманауи үлгідегі 350 орындық «Оқушылар сарайы» «ҚазГермұнай» компаниясының демеушілігімен 2 млрд 380 млн теңгеге салынып, ел игілігіне берілді.

Тәуелсіздік мерекесінде Жаңақорған кентінен 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» жаңа ғимараты жұмысын бастады.

Биыл Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарындағы 4 мектепке қосымша құрылыстар салынды.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1 млрд теңге қаржы бөлінді.56 пәндік кабинет (9 химия, 9 физика, 10 биология, 28 Стем) алуға 496 млн теңге бөлініп, жабдықтар толық жеткізілді.

Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 64 білім беру ұйымының бейнебақылау жүйесі 456,2 млн теңгеге талапқа сәйкестендірілді.

Бүгін міне, облыстық бюджеттің қаржыландыруымен, құны 842,7 млн теңге болатын Сәкен Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейдің 300 орындық қосымша оқу ғимаратының ашылу салтанатына жиналдық.

Мектептің апатты жағдайдағы спорт залы мен шеберханасын бұзып, оқушылардың қолайлы ортада білім алуын және санитариялық нормалар толық сақталған асханада тамақтануын қамтамасыз еттік.

Бұның барлығы біздің жас ұрпақтың игілігі үшін жасалуда. Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына барынша жағдай жасау біздің басты мақсатымыз болып қала бермек.

60 жылдық тарихы бар, іргелі оқу ордасынан еліміздің, аймағымыздың дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалар, елжанды азаматтар білім алып, түлеп ұшқан.

Осы білім ордасында білім алатын бүгінгі өскелең ұрпақ ардақты азаматтарымыздың есімдерін мақтан етіп, ізін жалғайтынына сенімдімін», – деді Ш.Байманов.

zhanga zhyl qarsangynda birqatar aelewmettik nysandar zhumysyn bastady01

Білім ғимаратының ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев мектеп ұжымына тілегін білдіріп, батасын берді.

Еске салайық, биыл білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 9,3 пайызға артты.

«Білімді қолдау қорының» қаржысына Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, 10 млрд 900 млн теңгеге «Инновациялық- шығармашылық орталығы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд 800 млн теңге болатын музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Бұл 3 нысан алдағы жылы пайдалануға беріледі.

Қазан айында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 900 орындық білім беру ордасы табысталды. Бұл – еліміздегі ұлттық жоба шеңберінде пайдалануға берілген мектептердің алғашқыларының бірі. Бүгінде жалпы 6000 орынға лайықталған 9 мектеп салынуда.

Өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі 1850 орынға арналған қосымша ғимараттар салу арқылы шешілген болатын.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика