Жексенбі, 15 қыркүйек, 03:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҰБТ: Қызылорда облысы бірінші орынға шықты

20.08.2024

122

0

ҰБТ: Қызылорда облысы бірінші орынға шықты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Digital Kazakstan: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында өткен облыстық педагогикалық тамыз кеңесінде аймақ ұстаздарына көрсетілген қолдаулар мен білім саласын дамытуға бағытталған нақты қадамдар сөз болды.

«Мұғалімдерді әлеуметтік көтермелеу мәселесі назардан тыс қалмайды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына бірреттік қаржылай сыйақы тағайындады. Балалардың ұстаздарын да моральдық, материалдық тұрғыдан ынталандырды. Біз де өз тарапымыздан дарынды балаларды қолдауды лайықты деңгейде жалғастырамыз.

Өңіріміз соңғы төрт жылда ҰБТ-ның орташа балл көрсеткішімен республикада алғашқы үштікте болған. Биыл жиырма өңірдің ішінен оза шауып, бірінші орынға шықты.

Бұл – аймақ ұстаздары мен түлектердің күн-түн демей, аянбай еткен еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген жетістігі. Алдағы жылдары да бағындырған межеден түспеу үшін нақты жұмыстар жалғасын табады.

Осы сәтті пайдаланып, барша Сыр ұстаздарына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Педагог мәртебесін жоғарылату және шығармашыл мұғалімдерді қолдау бағытында бірқатар шара атқарылды. «Үздік педагог» республикалық конкурсынан 2023 жылы 5 педагог жеңімпаз атанып, әрқайсысы 3 млн теңге көлемінде грант иеленсе, жыл қорытындысымен 5 «Үздік педагогке» 1 млн теңге көлемінде бірреттік сыйақы берілді. Облыстық білім басқармасына экономика және қаржы басқармасымен бірлесіп, дарынды шәкірттер мен олардың ұстаздарын қаржылай қолдауды жалғастыру үшін тиісті ұсыныс енгізуді тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.

Биылғы Алаш қайраткерлері Жүсіпбек Аймауытовтың 135, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Сәкен Сейфуллиннің, Тұрар Рысқұловтың, Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығына арналған іс-шаралар балалардың рухани танымын тереңдетуге жол ашады. Аймақ басшысы облыстық білім басқармасына мәдениет, спорт, қоғамдық даму басқармаларымен бірлесіп, жаңа оқу жылынан бастап танымдық іс-шараларды нәтижелі әрі балаларға лайық етіп ұйымдастыру міндетін жүктеді.

Дереккөз Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика