Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде шетелдік студенттерге «Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіруге арналған кездесу өтті, деп хабарлады университеттің медиа орталығы.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі бағыттары таныстырылып, қоғамда заң үстемдігін қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ студенттерге құқықтық мәдениетті арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеу қажеттігі түсіндірілді.
Шараның басты мақсаты – шетелдік студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен насихаттау.



