Сенбі, 23 қараша, 14:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордалық 25 студент Президенттік стипендия иеленді

14.11.2023

412

0

prezident_stipendiasy

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің  25 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды.  

Президенттік стипендия оқу  үлгерімі «өте жақсы» және оқу орнының қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр. Сондай-ақ, күндізгі оқу нысаны бойынша 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

«Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Ақбота Әміртайбиыл да Президенттік стипендия иеленді. Ол – үздік оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, көптеген байқау жеңімпазы атанған.

«Университетте білім алумен қатар, ғылыми зерттеулермен айналысып, осы сала бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткіздім. Институттың белсенді тобының мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға атсалысып, ұйымдастырушылық қабілетім шыңдалды.«Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен 2021-2022 жылғы еліміздің жас түлектерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған «ТМД-ның үздік түлегі – 2022» байқауына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен, марапатталып, мақалам кітап жинаққа енді. Биылдан бастап стипендия көлемінің артқанына қуаныштымын, бұл – жастарға үлкен мүмкіндік», – деді Ақбота Саматқызы.

Президенттік стипендия иеленген жастардың барлығы үздік әрі жан-жақты. Олардың қатарында«Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығының 3-курс студентіАқниет Мәулен де бар.

«Ақылы негізде білім алсам да, Президенттік стипендияға үміткер болуыма сабақ үлгерімімнің жоғары болуы әсер етті. Оқу орнында сабақпен қатар, түрлі қоғамдық, шығармашылық шараларда ұйымдастырушылық қызметтермен айналысамын. Сондай-ақ, университеттің «Жауқазын» жастар театрының жетекшісімін. Қазіргі таңда, театрдың дамуына үлес қосып, жаңа қойылымға дайындалудамыз», – деді Ақниет Қайратқызы.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар білім алушылар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленген білім алушылар тізімі:

1. Арайлым Алмат – 6В04141-Есеп және аудит, білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
2. Нұрсауле Сейткамалова – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
3. Айсұлу Мақаш– 6В01511-Математика-Информатика білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
4. Нұрай Мұхиддин – 6В01511-Математика-Информатика білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
5. Аружан Русланова – 6В07368-Кадастр білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.
6. ҒайниКошкинбаева – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі  білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
7. Гүлназ Оңғар – 6В01516-Химия-Биология білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
8. Ақбота Әміртай – 6В07369-Жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.   
9. Назым Балғараева – 6В01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі  білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
10. Нұрсұлтан Абибуллаұлы – 6В10276-Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
11. Дина Әділ – 6В01516-Химия-Биология білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.
12. Айжан Орынбасар – 6В04139-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 4 курс студенті. 
13. Мақпал Абдукаимова – 6В01406-Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
14. Нұратай Жақсыбай – 6В11279-Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны  білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
15. Ұлан Жарылқасын – 6В01510-Математика білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
16. Жанерке Калиева–6В01515-Химия білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. 
17. Шапағат Кәрімбердиева – 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.
18. Нұрайым Жасұланова – 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.   
19. Ақниет Мәулен– 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.    
20. Аружан Кенжебекова – 6В10276-Әлеуметтік жұмыс білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.    
21. Әсел Ахмет – 6В04139-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.   
22. Нұрайым Қасқырбаева – 6В01510-Математика білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.  
23. Ұлдана Абдықалық – 6В04139-Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.    
24. ДаниярШаухатбеков – 6В01515-Химия білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.    
25. АружанШылмырзаева – 6В01517-Биология білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.   

Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика