Жексенбі, 15 қыркүйек, 03:24

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда: Білім саласында құрылыс қарқынды

20.08.2024

368

0

Қызылорда: Білім саласында құрылыс қарқынды

«Digital Kazakstan: Жаңа замандағы білім беру» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде білім саласындағы құрылыс қарқыны мен алдағы міндеттер талқыланды.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, өткен жылы облыс орталығындағы 4 мектептің орын тапшылығы мәселесі 1 850 оқушыға арналған қосымша ғимарат салу арқылы шешімін тапты. Бюджетке салмақ салмай, қаржы үнемделді. 1 170 орындық 4 мектеп, жыл басында 550 орындық 2 мектеп ел игілігіне табысталды. Алдағы уақытта жаңадан 14 мектеп және 4 мектепке қосымша құрылыс салынып, пайдалануға беріледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернат, Шиелі ауданында 100 орындық және Жаңақорған ауданында жергілікті бюджет есебінен 150 орындық мектептер салынуда. Аталған білім беру нысандары жақын күндері табысталады.

Арал ауданы Тоқабай ауылындағы апатты мектеп және Ақшатау ауылындағы бастауыш мектептің жаңа ғимараты жеке инвесторлардың демеушілігімен бой көтерді.

Бұдан бөлек, «Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры, жергілікті бюджет есебінен Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарындағы, Қызылорда қаласындағы білім ошақтары жанынан оқу ғимараты, асхана, спорт залы сияқты қосымша құрылыстар жүргізілуде.

Жеткіншектерді қосымша біліммен қамту үлесін арттыру мақсатында «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи Оқушылар сарайы, жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынып, ел игілігіне табысталмақ. Сол жағалауда «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледж ғимараты салынуда. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында биыл облыс орталығынан «Шығармашылық академиясының» іргетасы қаланды.

Биыл жергілікті бюджет есебінен 8 мектеп ғимараты күрделі жөнделуде. Білім мазмұнын арттыру мақсатында мектептерді заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтауға, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін соңғы үлгідегі бейнекамералар алуға жергілікті бюджеттен 456 млн теңге қаржы бөлініп, 2 016 цифрлық камера орнатылды.

Барлық білім беру ұйымдары 100 пайыз қауіпсіздік жүйелерімен қамтылды. Келесі жылға мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін жаңартуға қосымша қаржы бөлінеді деп жоспарлануда.

456234068_803581168629796_4349013580318273031_n.jpg
456335591_803581185296461_8107813190451496281_n.jpg

Дереккөз Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика