Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Жиынға Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова қатысты. Іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек отандық университеттердің жоғары білім мен ғылым саласын дамыту бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.
QS WUR ғаламдық рейтингісінің нәтижесі бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті алғашқы рет 2023 жылы кірген, осы жылы 5000 астам әлемнің университеттері арасында позициясы 1400+ орында.
Сарапшылар QS World University Rankings рейтингін жасау кезінде әлем университеттерін 9 критерий бойынша бағалайды. 2024 жылы әлемнің 106 елінен 5663 жоғары оқу орны қатысып, рейтингке 1503 жоғары оқу орны енді. Оның 21 жоғары оқу орны – қазақстандық ЖОО-лар.
Дереккөз: syrboyi.kz