Сенбі, 28 ақпан, 02:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қорқыт ата университетінде Fulbright профессоры Джули Саррис дәріс өткізді

27.02.2026

19

0

whatsapp image 2026 02 26 at 12.38.21
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде бір ай бойы 🇺🇸 Colorado штатының Fulbright Program бағдарламасының профессоры Джули Саррис дәріс өткізді.
Профессор Джули Саррис университет профессор-оқытушылар құрамына және докторанттарға арналған мазмұнды, тәжірибеге бағытталған сабақтар ұйымдастырды. 

WhatsApp Image 2026-02-26 at 12.38.37 (3).jpeg

WhatsApp Image 2026-02-26 at 12.38.37 (1).jpeg
Дәрістер барысында заманауи оқыту әдістері, академиялық зерттеу мәдениеті, халықаралық тәжірибе және білім беру сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. 
Әр кездесу кәсіби диалог алаңына айналып, қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен белсенділік байқалды. Қатысушылар профессордың кәсіби шеберлігін, сабақтардың практикалық құндылығын және бағдарламаның мазмұндылығын ерекше атап өтті.

Бір айлық нәтижелі жұмыстың қорытындысы ретінде қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар, университетіміздің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов шетелдік профессорға алғыс білдіріп, арнайы сертификат табыстады. 
Бұл іс-шара университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтып, академиялық әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика