Сәрсенбі, 11 маусым, 01:00

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қорқыт Ата университеті Қазақстан Республикасының ТОП-20 университетінің қатарына енді

09.06.2025

42

0

korkyt univer bfa29e4570

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі–2025 версиясы бойынша ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО қатарында.

2025 жылғы 2 мамырда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2025 қорытындысы жарияланды. 2025 жылы бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті. Рейтинг Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары қатарына кірген ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО анықтады. Рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ өнер жоғары оқу орындары қатысты. Рейтинг қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 63700 баллмен 7-орынға ие болды. 

Университеттің 29 білім беру бағдарламасы үздік үштік қатарында:

БАКАЛАВРИАТ
1.  6B01404 — Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау  — 3 орын
2.  6B01407 — Музыкалық білім – 2 орын
3.  6B02128 — Дәстүрлі музыка өнері  — 1 орын
4.  6B02130 — Хореография  — 3 орын
5.  6В02234 — Археология және этнология – 3 орын
6.  6В07261 — Мұнай газ ісі  — 2 орын
7.  6B11401 — Әлеуметтік жұмыс – 2 орын
8.  6В07263 — Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау – 3 орын
9.  6В07365 — Құрылыс – 2 орын
10.  6В08171 – Агрономия — 3 орын
11.  6В08674 — Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын
12.  6В11279 — Өміртіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау – 3 орын
13.  6В07366 — Құрылыс материалдарын,бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
14.  6В07367 — Инженерлік жүйелер мен желілер – 3 орын

МАГИСТРАТУРА
1.  7M01104 — Педагогика және психология – 3 орын
2.  7М01303 — Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 3 орын
3.  7М01510 — Математика – 3 орын
4.  7М01515 – Химия – 3 орын
5.  7М01619 — Тарих – 3 орын
6.  7М07365 – Құрылыс – 2 орын
7.  7M08674 — Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын

ДОКТОРАНТУРА
1.  8D01303 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі — 2 орын
2.  8D01510 — Математика педагогтерін даярлау  — 3 орын 
3.  8D01515– Химия  — 2 орын
4.  8D01517 — Биология  — 2 орын
5.  8D04139 — Мемлекеттік және жергілікті басқару – 1 орын
6.  8D07365 — Құрылыс – 2 орын
7.  8D07366 — Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
8.  8D08675 — Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау – 2 орын.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика