Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылғы 6 сәуірде Қазақстан мен Әзербайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы аясында Innotech powered by Arizona State University алаңында халықаралық көрме ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы.
Аталған көрменің салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев қатысты.

.jpeg)
.jpeg)

Форум жұмысына Әзербайжан Республикасынан 25-тен астам жоғары оқу орнының өкілдері қатысып, екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған маңызды келіссөздер жүргізілді.
Өз кезегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Әзербайжанның 5 жетекші жоғары оқу орнымен өзара ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды. Бұл келісімдер академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға және ғылыми-зерттеу бағытындағы серіктестікті нығайтуға негіз қалайды.

.jpeg)
.jpeg)
Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Әзербайжан жоғары оқу орындарымен академиялық алмасу және Орхун бағдарламасы аясында тығыз әріптестік орнатып отыр. Атап айтқанда, 2025–2026 оқу жылында университет студенттері Azerbaijan State Academy of Physical Education and Sport базасында білім алуда, сондай-ақ бірқатар студенттер Azerbaijan State University of Economics қабырғасында оқуын жалғастыруда.
Аталған бастамалар екі елдің жоғары білім беру жүйелері арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, білім алмасу мен ғылыми интеграцияны жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.





