«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» педагогикалық тамыз кеңесі пленарлық мәжілісіне Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім саласының жан-жақты және жүйелі жұмысты қажет ететін күрделі, әрі ауқымды сала екенін айтып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Болашаққа жол сілтейтін мұғалімнің еңбегін лайықтыбағалау – өте маңызды міндет» деп атап өтті. Бұл ретте, биылғы тамыз кеңесінің «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атауын еншілеуі құндылықтардың қай кезде де биік екенін тағы бір дәлелдеді. Себебі адамзатты кемел ойға тек білім ғана жетелейді. Президент бастамасымен соңғы жылдары білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылып, педагог мәртебесін көтеруде тың бастамалар қолға алынды.Бұл өз кезегінде ұстаздарға деген айрықша құрмет, білім саласына жасаған ерекше қамқорлық. Білім – жан-жақты және жүйелі жұмысты қажет ететін күрделі, әрі ауқымды сала. Соның маңызды құрамының бірі – қаражат мәселесі», – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар аймақ басшысы өз көзінде алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржының арта түсетінін айтты.
«Биылғы жылы білім саласына бөлінген қаржы 204,8 млрд. теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 42,8%-ын құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға артық. Былтырғы жылы 2021 жылы 173 674,7 млн. теңгені құраған. Тиісінше, алдағы жылдары білім саласына бөлінетін қаржы көлемі арта бермек», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.