Сәрсенбі, 26 қараша, 12:58

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

NIS мұғалімдері Байқоңыр мен Қазалы мектептеріне әдістемелік қолдау көрсетті

26.11.2025

3

0

6a1d63d3 5845 4571 8889 5e53e3426e4f f3aa493f2e

Қызылордадағы NIS-тің директоры бастаған бір топ мұғалімдер Байқоңыр қаласындағы №277 және Қазалы ауданының №266 мектеп-лицейлеріне жұмыс сапарымен барды. Ұстаздар әріптестерінің сабақтарын бақылап, қажеттіліктерін анықтады және білім беру үдерісін жақсарту бойынша ұсыныстар берді.

Мұғалімдерге арналған шеберлік сыныптарында онлайн-платформаларды пайдалану, ғылыми жобаларға жетекшілік ету, саралап оқыту әдістері, функционалдық сауаттылық пен тіл дағдыларын дамыту, тапсырмаларды әзірлеу және бағалау бойвнша әдістемелік қолдау көрсетті. Сондай-ақ, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары бойынша тренинг өткізді.

53b96db8-38a1-4a55-9364-f2373ffa08a2.jpg

Мектептің зертханашы қызметкерлері үшін зертханалық жабдықтарды тиімді қолдану бойынша практикумдар өткізілді.

Жаңақорған ауданының мектебінде семинар өткізу жоспарланған. Негізгі мақсат – ауыл ұстаздарының оқыту әдістемесі бойынша көмек көрсету және білім сапасын арттыруға қажетті ресурстарды ұсыну.

ff18cf26-c814-4cb4-b2a6-df5003f4b003.jpg

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика