Жұма, 04 қазан, 17:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Халықаралық ынтымақтастық артуда

05.06.2024

179

0

Халықаралық ынтымақтастық артуда
Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Түркияның Анталья қаласында іс-сапарда жүр.

Сапардың мақсаты – екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру, Түркия елінің Мәдениет және спорт министрлігі мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасындағы «Мәдени мұра» халықаралық жобасын жандандыру.

Делегация ресми кездесулерде университеттің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримованың сәлемдемесін жеткізіп, алдағы жұмыстарды талқылады.

Сапар барысында бір апта бойы Түрік елінің мәдениетімен салт-дәстүрімен танысып, ЖОО тыныс-тіршілігін көріп, тәжірибе алмасады. 

Туркия елінің “Мәдениет және спорт” министрлігі мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бірлескен «Мәдени мұра» халықаралық жобасы аясында Анталья губернаторының орынбасары (Antalya Vali Yardımcısı Yalçın Segin) Ялчин Сэгин мырзамен кездесуде болдық. Кездесу барысында Yalçın Segin мырза бұл жобаны қолдайтынын білдіріп, екі ел арасындағы достықтың нығая беретіндігін айтты.

Сондай-ақ жуырда Ресей Федерациясы Мәскеу мен Алтай Республикасы Барнаул, Горно-Алтай қалаларында «Новое поколение» және «Россотрудничество» ұйымдарының ұйымдастыруымен «Азия елдерінің жаңа жас көшбасшылары» атты жастарға арналған ғылыми форум өтті. Форумға 13 елден 155 үміткер, оның ішінде тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен жаңа көшбасшы жастар қатысты.

Аталмыш форумға арнайы шақырылып, іріктеуден өткен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті музей меңгерушісі, экономика және басқару білім беру бағдарламасының оқытушысы Ырза Бекзат Шәкімұратқызы мен “Археология және этнография” ғылыми орталығы ғылыми қызметкері, “Тарих және археология” білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Құрманиязов Ыслам Серікұлы қатысты. 

Жастар форумының ашылуы Мәскеу қаласында Ресей мемлекеттік кітапханасында болды. Ашылуда әр елден келген делегаттар өз елдерінің жіберген мекемелерін таныстырды. Сонымен бірге Мәскеу қаласында бірнеше іс шараларға қатысып, әрі қарай Ресей Федерациясының Алтай аймағы, Барнауыл қаласы, Алтай мемлекеттік университетіне аттанды. 

Форум жұмыстары әртүрлі ғылым саласы соның ішінде тарих, археология, музеология, география, туризм, халықаралық қатынастар бағыты бойынша болды. Алтай мемлекеттік университетінің «Түркі әлемінің Үлкен Алтайы бірлігі мен тұтастығының тарихы және қазіргі заман» атты кешенді жоба аясында университетттің ғалымдарымен кездесу өтті. Кездесуде Алтай әлемінің тарихы және көршілес Қазақстан тарихы туралы дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Университет жанындағы «Үлкен Алтай» ғылыми оқу орталығы жұмысының нәтижелері тарих, этнография, археология саласындағы жетістіктер жайлы жетекші ғалымдардың көшбасшылық дәрістері тыңдалды. Форум аясында Алтай Республикасы аумағындағы музейлер және Манжерок тауына туристік турлар ұйымдастырылды. Турға қатысушы делагаттар аймақтағы әр түрлі ұлттардың диаспорасымен кездесті. Одан әрі Алтай аймағында қазақ диаспорасының мерекелік концерттері, салт дәстүрлеріне қатысты дөңгелек үстел өтті. Форум нәтижесінде шет елден келген жас ғалымдармен ғылыми байланыс орнатылып, болашақ жоспарлары талқыланды. Бір аптаға созылған шара соңында форум қатысушыларына арнайы сыйлықтар мен сертификат табыс етілді.

Сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне ресми сапармен АҚШ-тың Бас консулы Мишель Еркин ханым келген болатын.

Делегация Студенттер сарайында сирек кездесетін ғылыми кітапхана қорымен танысып, музейді көрді.

Қонақтар университеттің халықаралық деңгейдегі жетістіктері мен мүмкіндіктерімен танысты. 

АҚШ пен Қазақстан университеттерінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және американдық кеңестің әріптестік бағдарламасының қолдауымен біздің университет АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетімен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы өңірлік университеттер үшін экология және қоршаған орта туралы ғылымдар бойынша негізгі оқу бағдарламаларын ілгерілету» атты жоба іске асырылды. Бұл жобаға Джордж Вашингтон университеті, Оңтүстік Дакота университеті, Нью-Йорктегі Пейс Университеті және Мейн университеті қатысты. 

Сонымен қатар екінші жыл Фулбрайт бағдарламасының стипендиаттары ағылшын тілін оқыту үшін үкіметаралық келісімдер негізінде АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен Қорқыт ата университетіне келеді деп күтілуде. 

Тағы атап өтетін маңызды жайт, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті  QS WUR жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде. 

2024 жылғы 5 маусымда Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2025 ғаламдық рейтингісінің нәтижелері 21-ші рет жарияланды. Рейтингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 1400+ орында.

Сарапшылар QS World University Rankings рейтингін жасау кезінде әлем университеттерін келесі критерийлер бойынша бағалайды:
• Академиялық бедел – 30%

• Дәйексөздердің орташа саны – 20%

• Жұмыс берушілер арасындағы бедел – 15%

• Түлектерді жұмысқа орналастыру – 5%

• Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы – 10%

• Шетелдік студенттердің үлесі – 5%

• Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5%

• Халықаралық зерттеу желісі – 5%

• Тұрақтылық – 5%

Университеттер әр критерий бойынша бағаланады, содан кейін осы бағалардан университеттің рейтингтегі орнын анықтайтын жалпы балл шығарылады.
Биыл әлемнің 106 елінен 5663 жоғары оқу орны қатысты, рейтингке қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті (2963). Рейтингке 1503 ЖОО кірді, оның ішінде 21-і  қазақстандық ЖОО.

Сондай-ақ жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ұлттық ғылым академиясының «Ғылым ордасында» ғылыми қауымдастықпен кездесті.

Кездесуге Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Каримова, «Биология, география және химия» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Жылыжай меңгерушісі Самалбек Қосанов, «Инжинирингтік технологиялар» білім беру бағдарламаларының зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов, «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының жетекшісі, PhD, қауымдастырылған профессор Нұрғали Ақылбеков, «Электр энергетикасы, техносфералық қауіпсіздік және экология» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы, PhD Сиханова Нұргүл Сағындыққызы қатысты.

Жиында Президент өз сөзінде шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайтынына назар аударып, бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет екенін айтты.

Қорлан САРЫ

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика