Жұма, 29 наурыз, 10:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Балалар жылы аясында Сыр Ұландарының жылдық акциясы мәреге жетті

07.12.2022

239

0

Сыр Ұландары «Жас Ұланның жұлдызды жылы» акциясында балалар  жылы  аясында қаншама  игілікті істерде өз қолтаңбаларын қалдырды. Бұл туралы облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Гүлайым Ақмырзаева мәлімдеді.  

Жақсылыққа құмар  ұландар түрлі шараларға  белсене араласып, өздері өмір сүріп жатқан қоғамға бей-жай қарамайтындарын  көрсетті. 

«Ай сайын «Ақылды бейсенбі» жобасында тәлімгерлер жас ұландарға танымдық сағаттар, соның ішінде туған өңірдегі ақын-жазушы, өнер майталмандары мен еңбек ардагерлері, қоғам белсенділерімен, әр саладағы үздік мамандармен  кездесулер ұйымдастырды. 
«Оқуға құштар ұлан» акциясы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балаларды кітап оқуға дағдыландыру, насихаттау дағдыларын сіңіріп, қызығушылықтарын арттырды.
«Әкем  үйреткен» жобасында әдет-ғұрыптарды түсіндіру бойынша іс-шаралар, әке тәрбиесінің мектебін қалыптастыру өнегесі айтылды. Әкеден үйренген өнегелерін желіде жариялап, бейнероликтер арқылы әке тәрбиесін насихаттады.
«Менімен  бірге  арманда» акциясында  ұландар арнайы есепте тұратын, мінез-құлқы қиын  балалармен жұмыс жүргізу шараларын ұйымдастырса, «Көңілді  үзіліс» балалардың ең қызықты  да дәстүрлі шараларына айналды.Сабақ арасындағы үлкен үзілісте балаларға  пайдалы шаралар  ұйымдастырып,  қимыл-қозғалыс ойындары мен спорттық ойындар өткізді. Балалардың  көңіл-күйін көтеріп, «Жиырма минут кітап оқы» акциясын өткізді», — дейді облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Гүлайым Ақмырзаева. 

Сонымен қатар жасұландықтар «Жас Ұлан-Шын Дос» акциясында әрбір мектептегі инклузивті сыныптағы балаларды шефтік көмекке алып,  олармен бірге шаралар өткізді. Ерекше қабілеттегі достарға кедергісіз кеңістік  орнатуға үлес  қосты. 
«Мен сияқты жаса» акциясында аудандық, қалалық  «Жас Ұлан» ұйымдарының әлеуетін пайдалана отырып, білім беру ұйымдарында еріктілер штабтарының жұмыстарын  жалғастырды. Қайырымдылық  шаралар жасап, Қостанай қаласындағы өрт салдарынан болған апатқа көмек беруде өз үлестерін қосып, «Дармарка» сый жәрмеңкесін ұйымдастыру арқылы мұқтаж достарына көмек жасады. 

«Сыр ұландары «Балалар  әлеміндегі  игі  істер» жобасы аясында  қайырымдылық шараларын дәстүрге айналдырып отыр. Сонымен  қатар, көшбасшы қасиеттерін дамытып, тұлға қалыптастыру шараларын ұйымдастыру. Өзі жүрген ортадағы әлеуметтік жағдайларды талқылып, мәселені шеше білу дағдыларын  үйрету  мақсатында «Азаматтық алаң» диалог алаңы, Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру жобасы «Даналық   дәні» күндері өткізілді. Достары үшін сый жәрмеңке  ұйымдастырылды. Мектепішілік, аудандық сый жәрмеңкеге өзіне қолданып болған, бірақ әлі де қолдануға жарайтын заттарын сый жәрмеңкесіне апарып, достарын қуанту   мақсатында  «Дармарка» өткізілді. 
Ұлттық  құндылықтарды балалардың бойында дамыту бағытындағы шараларды жоспарлап, «Құндылық–асыл қасиеттер қазынасы» тақырыбында ашық алаң ұйымдастырылды», — дейді Гүлайым Ақмырзаева.

«Мың  бала» акциясы аясындағы тәлімгер сағаттарында әр айдың бір аптасында тарихы-танымдық кино көрсетілді.  Қазақ елінің тәуелсіздігі мен ел тұтастығы үшін күрескен қазақ зиялылары, батырлары, ағартушылары, хандары  т.б    кинолары арқылы дәріптелді. Апталық  мектеп театрында сахналау жұмыстарымен жалғасты. 

«Жақсылық жасап жарыс» акциясында ардагерлерге, қарттарға, мүмкіндігі  шектеулі достарына  барып  газет, кітап  оқып беру. Отбасылық оқуды жалғастыру. Үйдегі кіші бауырларымен, ата-аналарымен, ата-әжелерімен  кітап оқуды  трендке  айналдырды.
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оқушылар арасында викторина  ұйымдастырылып, ұлт ұстазының еңбектерін тануда «Ахмет  бізбен» олайн викторина өткізіліп «Ең белсенді мектепті» анықталды. Балалар жылында батырлар жырын жатқа оқу «Бабалар Үні» акциясы жалғасты. Мектептегі өнерге, оқуға құштар оқушылар  арасында жас ерекшеліктеріне орай  іс-шаралар ұйымдастырылып, ұландарды көпшілік  шараларға   тарту мақсатында «Жас Ұлан» көктемі шығармашылық  фестивалі өткізілді.

Ұлттық құндылықтардың бірі-домбыра күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып, «Қасиетті  домбыра» домбырашылар күнінде   жас домбырашылар бас қосты. Қарттар мен үйден оқитын балаларды, үлкен кісілер мен достарын ашық хаттармен құттықтау күні  «Наурыз поштасы» өткізілді. Мектеп театрын жүргізу арқылы балалардың шығармашылығы дамытылып, оқыған кітаптары арқылы шығармаларды сахналау шараларын дамытуда «Театр тәлімі» жобасы іске асырылды. Отбасылық тәрбие арқылы отбасылық  дәстүрлерді сақтауға және отбасының әлеуметтік –мәдени құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған   «Отбасым-бақыт мекені  акциясына отбасы мүшелері қуана қатысты.   Жыл құстарына арнап ұялар жасап, оларды парктердегі, мектептердегі, үйдегі талдарға  орналастырған    балалар «Қанатты достар» акциясын дәстүрлі шараға айналдырды.

Экологиялық білім мен дағдыларды патриоттық сезімді, өз жеріне, өз ауылына қаласына деген сүйіспеншілігін арттыруға   арналған сенбіліктер ұйымдастырылып, арықтарды тазалау, тал отырғызу шараларын «Эко boom» жобасында іске    асырды.

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында ұландар А.Байтұрсыновтың шығармашылығын насихаттау  мақсатында «Ахмет оқуларына» белсене  қатысты.

«Оқуға құштар Ұлан» акциясыда  ұландар демалыс уақытында кітап оқып,  арнайы күнделіктер жүргізіп, мақала жазды. Кітапханаларға  саяхттады. «Бес тас», «Асық  ату» ұлттық  ойындарының фестивалі  балалардың  сүйікті шараларының  біріне айналды. Фестивальде балалар   ұлттық  ойындарды насихаттау арқылы үздіктерді анықтады. Балалар  арасында  «Бес тас», «Асық » ойындарын дамытты.
Ауыл  тәлімгерлерінің  басын  қосып, «Тамыры терең-тәлімгерлік» конференциясында олардың тәжірибелерін тарату  мақсатында тренингтер ұйымдастырылды.

Балалардың басын қосып ортақ мақсаттарға арналған шаралар ұйымдастырып, пайдалы істермен айналысатын күн, «Офлайн өмір» акциясы. Бұл күнді  ұландар телефонсыз өткізді. Балалардың экологиялық білімдері  мен мәдениеттерін дамыту мақсатында «Eco Alem» үстелді эко-ойыны  жыл бойы ұйымдастырылды. «Жомарттық  мекені» қайырымдылық акциясында балалардың көшбасылық қасиеттері дамытылып, өздерінен ауысқан ойыншықтар мен кітаптарын  достарына сыйға тарту шараларында белсенділік көрсетті. Туған тарихын тереңнен тану мақсатында  ұландар ай сайын «Музей  сағатына» белсене қатысты. Балалар  жылы аясында өткен «Жас Ұланның жұлдызды жылы» акциясы осындай игілікті шаралармен мәреге  жетті. Аталған шараға облыс бойынша 50 000-ға жуық Сыр ұланы атсалысты. Түрлі жобаларды іске асырды. Құндылықтарды бойына сіңіріп, кішіге қамқор болып, үлкендерге қолқанат  болды. Жыл қорытындысы бойынша  «Жұлдызды Жас Ұлан» Жас ұландардың балалар жылына  арналған Х облыстық слеті Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарында  ұйымдастырылып, белсенділер марапатталды.

«Ұйымның жұмыс бағыттары  бойынша  белсенді  ұландарды эл. құрмет  тақтасына шығарылып, мектеп теледидарында үзілістерде насихаттау шаралары ұйымдастырылды. 
Балалар  жылы  аясында  «Жұлдызды жас Ұлан» өңірлік ұланбасылардың байқауы нәтижесінде жылдың  үздік  ұланбасы  «Жұлдызды  Жас Ұлан» номинациясын   иеленді. Аталған жылдық акцияда өз өңірінің ұландарын игілікті шараларға жұмылдыра  білген, Шиелі  аудандық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы үздік шығып  «Жұлдызды Жас Ұлан»  номинациясымен , Қармақшы  аудандық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Орынбасаров Ердаулет «Зерделі Жас Ұлан» номинациясымен,Қазалы аудандық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Сахит Еңлік «Дарынды Жас Ұлан» номинациясымен, Жалағаш аудандық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Мырзахан Ақжүніс «Зейінді Жас Ұлан» номинациясымен, Қызылорда   қалалық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы  Алдаберген  Ақжүніс «Жаңашыл Жас Ұлан» номинациясымен  марапатталды! Ұландарға, алар асуларың биік болсын, деген  тілегіміз бар! Қарапайымдылық пен қайырымдылықты қатар бойына сіңіріп өскен Сыр Ұландары келер жылды Алаш қозғалысына арнамақ», — дейді облыстық “Жас Ұлан” ББЖҰ қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Гүлайым Ақмырзаева.  

Тағы да оқыңыз: