Дүйсенбі, 12 қаңтар, 22:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Байқоңыр қаласындағы мектеп-лицейдің материалдық базасымен танысты

10.01.2026

28

0

612785942 1179243127730263 5232197054370350118 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты.

614630531 1179242934396949 7307971735439777135 n

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева қатысты. Мектеп-лицейде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен инновациялық обсерватория, ракета модельдеу, СТЭМ, химия, биология, робототехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия 245, 6 млн теңгеге жабдықталған болатын.

613129432 1179242971063612 8680358692141135971 n

Нақтырақ айтсақ, обсерватория кабинетінде «Жұлдызды аспан» глобусы, интерактивті панель, телескопқа линзалар жинағы, күн фильтрі, бейнекамералар, планисфералар бар. Ракета модельдеу кабинеті арнайы жинақпен, ноутбуктер, шағын зертханалар, цифрлық микроскоптар, старттық құрылғылармен, СТЭМ кабинеті 3Д принтер, модельдеу жиынтықтарымен қамтамасыз етілді.

612501125 1179243011063608 3377741804063451412 n

Ал, физика кабинеті электр және оптика бөлімдеріне, жаратылыстану ғылымына, молекулалық физика және термодинамикалық бөлімдерге арналған демострациялық құралдармен жабдықталды. Биология кабинетіне де жиһаздар, зертханалық құралдар, цифрлық микроскоптар, микропреператтар, ылғал препараттар, адам ағзасының модельдері берілді. Химия кабинетіне зертханалық жабдықтар, химиялық препараттар, цифрлық зертхана жинағы, демонстрациялық жұмысқа арналған жиынтықтар, телестудия, арнаулы компьютер, камералар, диодтық жарық жинағы, акустикалық құралдар, телевизор алынды. АRT-студияға гончарлық қондырғылар, сурет салуға арналған құрал-жабдықтар қойылған.

613086827 1179242944396948 2847945403092708372 n

Оқу-ағарту министрі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы міндеттерге тоқталды.

Айта кетейік, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

«Қазақстан халқына» қоры өңірдің әр саласына 12 млрд. 851 млн теңге қаржы бөлді.

Сондай-ақ, 2 млрд. 700 млн. теңгеге 58 мектептегі 317 пәндік кабинет жаңартылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика