Жұма, 22 қараша, 22:06

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері Ақжармаға іс-сапармен келді

21.04.2024

236

0

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қызметкерлері Ақжармаға іс-сапармен келді

 Ақжарма ауылының білімге құштар озат оқушылары ағылшын тілінде мүдірмей сөйлейтінін көзімізбен көріп, таңқалдық. Оларға ауылдың білімді жасы Ернар Темірбаев бірнеше жылдан бері ағылшын тілін үйретіп жүргенін көпшілік жақсы біледі. Қосымша курсқа жиырмаға жуық оқушы тұрақты түрде қатыса екен.

Ернар жақында АҚШ-тың Қазақ­стан­дағы елшілігінің қызмет­кер­лері­мен әріптестік байланыс орнатып, олар­ды ауылға шақырған болатын. Мақсат – атқарылып жатқан жұмысты таныс­тыру және оқу процесін жетілдіру бағы­тындағы жұмысты жандандыру болып табылады. Айтуынша, АҚШ-тың Алматы қала­сындағы бас консулы Мишель Еркін бастаған Чад Киннир, Жанна Тоқтарова есімді құрметті меймандар Ақжар­маға келеді екен. Бұл хабарды ести сала аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековпен бірге жол­ға шықтық.

Құрметті меймандарды ауылдағы Болат Нұрсейітов атындағы орталық алаң­нан күтіп алған ауыл әкімі Е.Ешмұратов ауданның, ауылдың жетістік­терімен таныстырған болатын. Тіректі елді мекен статусын иеленіп, даму­дың жаңа кезеңіне қадам басқан ауыл­дың тарихынан, тұлғаларының еңбегі­нен сыр шер­тетін көрмені аудандық тарихи-өлке­тану музейі ұйым­дастырды. Музей­дің қызмет­кері Болат Махамбетов пен ауыл­дық клубтың директоры Айтмағанбет Темірханов АҚШ-тың Алматыдағы Бас консул­дығының қызметкерлеріне өңір­­дің өнері мен мәдениеті, құнды­лықтары жөнінде хабардар етсе, «Ақ әжелер» ансамблі әннен шашу шашты. Өз кезегінде ағылшын тілін мең­гер­ген ауыл тұрғыны Ә.Қаратаева мей­­­мандарға бауырсақ пен құрт, айран ұсынып, қонақжайлық танытты.

Мұнан кейін АҚШ-тың Алматы қала­сындағы бас консулы Мишель Еркін, консулдың қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Чад Киннир мен Жанна Тоқтарова ақжармалық оқу­шы­лармен кездесті. Әуелі Ернар Темірбаев атқарылып жатқан жұмыс­тармен таныстырған еді.

– Ауыл балаларына ағылшын тілін үйрету бастамасын ойдағыдай жүзе­ге асыруға ауыл азаматтарының, ал­дың­­ғы буын ағаларымыздың үлесі зор болды. Қайрат Нұрсейітов, Арман Қойшыбаев, Мақсат Заммадинов, Ернұр Асылбеков секілді азаматтар қол­дау көрсетіп, қаржылай көмек берді. Сондай-ақ ауыл әкімдігі мен ауыл­­­дық мәдениет үйі қызметкерлері де балалардың сапалы білім алуына жағ­дай жасап отыр. Негізінен бала оқы­ту ісімен айналысып жүргеніме бес жылдай болды. Бастапқыда қосымша сабақтар өткізіп жүрдік. Кейін бір ата-ананың ұсынысы бойынша осы істі бастап кеттік. Нәтижесі жаман емес. Балалардың ағылшын тілін меңгеруге талпынысы, қызығушылығы артып келеді. Біздің алға қойған мақсатымыз да осы еді, – деді Ернар Темірбаев.

Кездесуде оқушылар құрметті мей­мандарға көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды. Балаларға көп тіл мең­геру­дің артықшылығы туралы айтып өткен консулдық қызметкерлері оқу­шылардың талабын жоғары баға­лады. Мұнан бөлек АҚШ-тың Алматы қаласындағы бас консулы Мишель Еркін кітаптар мен естелік сыйлықтар табыстады.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика