Сәрсенбі, 04 наурыз, 15:35

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Әйелдер мен қыздардың әділдікке тең қол жеткізуі» тақырыбында панельдік дискуссия өтті

04.03.2026

6

0

645714748 1505970807939113 2423784989927611275 n
Фото: Қорқыт ата университетінің медиа орталығы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде БҰҰ-Әйелдер ұйымының Орталық Азия бойынша байланыс кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы Өкілдігінің жетекшісі Джерен Гювеннің қатысуымен «Әйелдер мен қыздардың әділдікке тең қол жеткізуі: онлайн және офлайн кеңістікте» тақырыбында панельдік дискуссия өтті.

Кездесуді Басқарма төрағасы–Ректор Наурызбай Байқадамов ашып, университеттің жетістіктері мен әйелдердің білім мен ғылымдағы рөлін атап өтті. Қазіргі таңда оқу орнында 1047 қызметкер еңбек етсе, оның 726-сы, яғни 70%-ы – әйелдер. Ал 11 мыңнан астам студенттің 7533-ін (65%) қыздар құрайды.

645778702 1505970854605775 1048066009991654605 n

«Бұл көрсеткіштер әйелдердің кәсіби және академиялық кеңістіктегі белсенділігін, олардың ғылым мен білімдегі әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді. Біздің қыздарымыз тек білімде ғана емес, спортта да табысқа жетіп келеді.

Университетімізде 2 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 13 ҚР спорт шебері және 21 спорт шеберлігіне кандидат білім алуда», – деді ректор.

Өз кезегінде Джерен Гювен университетпен алдағы уақытта бірлесіп, академиялық бағытта серіктестік орнатуға ниетті екенін атап өтті. Ол Қызылордадағы алғашқы серіктес ретінде Қорқыт ата университетімен жұмыс жасауға қызығушылық білдірді.

645733311 1505970841272443 8571609947622950927 n

Дискуссия барысында Джерен Гювен «Серіктестік пен ықпал арқылы гендерлік теңдікті ілгерлету» тақырыбында баяндама жасап, БҰҰ Әйелдер құрылымының Еуропа және Орта Азия бойынша 18 ел мен аумақты қолдайтынын, сондай-ақ гендерлік теңдік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады.

Іс-шара аясында Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бурибаева университеттегі ғылыммен айналысып жүрген әйелдердің жетістіктеріне тоқталды. Оның айтуынша, 2026 жылы ректор грантын иеленген 20 адамның 15-і нәзік жанды, ал орындалып жатқан 23 ғылыми жобаның 60%-ында қыз-келіншектер жұмыс істейді.

645733696 1505970781272449 8341447637638556795 n

Панельдік пікірталаста Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушы, заң ғылымдарының кандидаты Ляззат Қаржаубаева «Гендерлік теңсіздік мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, «Қызжібек» студенттік ұйымының өкілдері мен студенттер «Сталкингтің көрінбейтін шекарасы» тақырыбында өз ойларын ортаға салды.

Жиын интерактивті форматта өтіп, қатысушылар әйелдердің құқықтары мен әділеттілікті қолдауға арналған өз ойларын тақтаға жазды. Іс-шара студенттердің нәзік жанды аруларға арналған әнімен қорытындыланды.

645735361 1505970924605768 2894473056783619685 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика