Сәрсенбі, 31 желтоқсан, 13:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жылдың қорытынды салтанатты шарасы өтті

30.12.2025

7

0

605452604 4145403729059687 80602

Қызылорда халқы үшін 2025 жыл табысты, берекелі жыл болды. Ең елеулісі – бас шаһардың астана болғанына 100 жыл толуы. Ұлттың ұлық қазақ атауының да қайтарылғанына ғасыр толды. Оның үстіне қоғамның барлық саласындағы даму мен өсім келер күнге деген үмітті еселей түсті.

Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов қорытынды салтанатты шарада жылдың елеулі оқиғалары мен жетістіктеріне тоқталып, қызылордалықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

605509852 4145403722393021 5386442751465708432 n

– Санаулы сәттерден кейін төрімізге енетін Жылқы жылы құт әкелсін! Баршаға аян, әлемдегі ахуалдың күрделі болғанына қарамастан Жылан жылы мемлекетіміз үшін жемісті болды. Биыл еліміздегі соңғы уақыттарда қабылданған саяси реформалардың жүзеге асырылуымен есте қалды. Хан Абылай тағына мінген Көкше төрінде ұлт рухын көтерер Ұлттық құрылтайдың төртінші бас қосуы өтті. Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы: «Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толуда. Осы ретте, Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын» деген болатын. Тағдыршешті мәселе көтерілетін Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысы Сырдың бас шаһарында белгіленіп отыр. Бұл біз үшін зор мәртебе, үлкен жауапкершілік! – деді Нұржан Сәбитұлы.

Ерекше атап өту қажет, аймақ басшысының қолдауымен соңғы жылдары қаланың барлық саласында оң динамика қалыптасып, өсім еселене түсті. Қала бюджеті жыл басында 73,1 млрд. теңгемен бекітілсе, бүгінде ол 154 млрд. 200 млн. теңгеге жетіп, екі есеге артты.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 357 млрд. 200 млн. теңгені құрап, 126,1 пайызды мөлшерледі. Құрылыс жұмыстарының көлемі 161 млрд. 100 млн. теңгені межелеп, 122,6 пайызға өсті. Облыс орталығы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Сол жағалаудағы жаңа ғимараттар мен қаланың басқа да аумақтарындағы қайта жаңғыртудан өтіп жатқан нысандар шаһардың шырайын арттыра түсті.

– Алдымызда айқын міндеттеріміз бен анық жоспарларымыз бар. Келер жылы қаланың, оған қарасты кенттер мен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған 133 жоба әзірленуде. Бұл жобаларды қаржыландыру үшін республикалық және облыстық бюджеттерге 105 млрд. теңгенің өтінімі ұсынылуда. Әрбір әлеуетті іс әлеумет үшін жасалады. Біз халықтың игілігі мен жайлы тұрмыс-тіршілігі үшін ауқымды жобаларды жүзеге асыра береміз,- деді қала әкімі.

Салтанатты шарада еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Жыл бойы өз саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген әр саланың үздіктеріне арнайы номинациялар мен «Құрмет» грамотасы және қала әкімінің алғыс хаттары берілді.

Мерекелік іс-шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, кеш көрігін қыздырды.

605527032 4145403962392997 6456847398740498583 n
605537166 4145403915726335 455098917164993564 n
608179756 4145403845726342 7484919242243798299 n

​Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика