Сейсенбі, 14 қазан, 15:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты мерекелік шара өтті

03.10.2025

60

0

556482418 1102263195428257 4059692394783954828 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Өнер орталығында Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты салтанатты шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері, жоғарғы оқу орындары мен мекеме басшылары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың білім саласында атқарылған жұмыстарды атап өтіп, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтады.

558461687 1102263062094937 7665813125410073908 n

​«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы«Қазір – білім мен ғылымның заманы. Жаһандану дәуірінде озық білімді игерген, жаңа технологияны меңгерген елдің ұпайы түгел болады. Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан осы саланы қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді», – деген болатын.

«Алаштың анасы» атанған қасиетті Сыр өңірінде Президентіміздің,Үкіметтің ерекше қолдауымен білім саласында ауқымды жобалар мен тың бастамалар жүзеге асуда. Биыл облысымыздың бюджеті 850 млрд. теңгеден асты, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 346 млрд. 800 млн. теңгесі білім саласына бағытталды. Бұл облыс бюджетінің 40 пайызын құрайды. 2022-2024 жылдары өңірімізде сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 812 млрд. 245 млн. теңге бөлінді.

Ұлттық тәрбие мен заманауи білімді бір-бірімен ұштастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу – Сіздерге жүктелген абыройлы міндет! Ардақты ұстаздар, ел мұраты мен ұрпақ тәрбиесіне адал болайық. Өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та жарасады. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Өздеріңізге мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

557570101 1102263145428262 52850439701762503 n

Салтанатты шарада ұстаздарға «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдары, «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері, Оқу-ағарту министрлігінің құрмет дипломы, Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы облыс әкімінің Алғыс хаты, облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы мен шипажайға жолдама табысталды.

Еске салайық, кейінгі жылдары білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, 317 пәндік кабинет жаңартылып, білім сапасын көтеруге мүмкіндік туындады.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өңірдің білім беру саласына 2 млрд. 600 млн. теңге бөлді. «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасымен 2 млрд. теңгеге 8 мектептің пәндік кабинеттері қайта жабдықталды.

Екі жарым мыңнан астам ауыл балалары жазғы лагерьлерде демалды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды. Аймақтағы 50 ауыл мектебіне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі енгізіліп, физика, химия, биология кабинеттері жабдықталады. Сонымен қатар, 8 шағын жинақты мектептің материалдық базасы нығайтылады. Жаңадан жабдықталатын мектептердегі 1745 педагог облыстық бюджет есебінен арнайы оқытудан өтеді.

559288403 1102234835431093 583733283856253544 n
557806640 1102234925431084 9213868561245564818 n
558863085 1102235018764408 3106730098030487993 n
557752764 1102234942097749 7009223521926660867 n
557594175 1102234592097784 7799625118059014305 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика