Сенбі, 14 наурыз, 19:56

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровты Амал мерекесімен құттықтады

14.03.2026

6

0

a16c6ce2 548b 4078 b3a1 0f9299c4d255

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ұлы Отан соғысы ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, 104 жастағы Яхия Тасыровты Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан басшысы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп, бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерге алғыс білдірді.

feeb3a31 2ca5 4e0b b0f8 aa433a0ed583

– Амал мерекесі – халқымыздың үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, татулық пен сыйластықты дәріптейтін тағылымы мол мереке. Осындай мерейлі күні Сіздей елге сыйлы қарияның батасын алып, құрмет көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Сіздің сұрапыл соғыста жүріп өткен өмір жолыңыз кейінгі буынға бейбіт өмір сыйлады. Майдан даласында көрсеткен батырлығыңыз бен ел игілігі жолындағы еңбегіңіз – бүгінгі тәуелсіз еліміздің берік негізі. Үлкенге құрмет көрсету, жақсы істерін жастарға үлгі ету – біздің қасиетті парызымыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Кездесу барысында ардагерге мерекелік сый-сияпат табысталып, ақжарма тілектер айтылды. Аудан басшысы қарияға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, ел игілігі жолында сіңірген еңбегі үшін ризашылығын жеткізді.

Өз кезегінде Яхия Тасыров көрсетілген құрметке алғысын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.

9c94fd13 2271 4b5e aca4 448cec6aabea

Айта кетейік, Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы жалғыз ҰОС ардагері. Ол 1922 жылы Тереңөзек ауданы, Қараөзек елді мекенінде дүниеге келген. 1941 жылдың аяғында Ташкент облысы Фрунзе аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынған. Омбы қаласында алғашқы әскери дайындықтан өтіп, 1942 жылдың қазан айында майданға жіберілген. Соғыс жылдарында Сталинградты, Курскіні, Польшаны азат етуге қатысқан. Данциг портында аяғынан ауыр жараланып, соғысты Германияда аяқтап, 1945 жылы қыркүйек айында елге оралған. Майданда көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз», І, ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры Маршал Г.К.Жуков», Ұлы Жеңістің мерекелік медальдарымен марапатталған. Қызылорда облысының құрметті ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика