Сәрсенбі, 21 қаңтар, 19:43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ұлттық құрылтай: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

20.01.2026

32

0

76d35aeb 1592 4306 b068 81395f774cce
Фото: Ақорда

Президент Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі келесі азаматтар наградталды:

I дәрежелі «Барыс» орденімен

Имандосов Самұрат Жұманұлы — еңбек ардагері, Қызылорда облысы

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы — «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы;

perwashev
Фото: Ақорда

II дәрежелі «Барыс» орденімен

Ақылбай Серік Байсейітұлы — «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы

Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы — «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы

kuelekeev
Фото: Ақорда

Тұрлыханов Дәулет Болатұлы — Парламент Мәжілісінің депутаты;

turlyhanov
Фото: Ақорда

III дәрежелі «Барыс» орденімен

Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы — «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы

Досжан Сәуле Мағазбекқызы — жазушы, Алматы қаласы

doszhan saewle
Фото: Ақорда

Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы — Парламент Мәжілісінің депутаты

Сабильянов Нұртай Салихұлы — Парламент Мәжілісінің депутаты

Умарова Айман Муратовна — адвокат, Алматы қаласы

wmarova ajman
Фото: Ақорда

Ізбасов Максим Шафихұлы — Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі;

«Парасат» орденімен

Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы — еңбек ардагері, Қызылорда облысы

angsat saebi
Фото: Ақорда

Әбенов Мұрат Абдуламитұлы — Парламент Мәжілісінің депутаты

aebenov murat
Фото: Ақорда

Бикебаев Айдын Жолшыұлы — адвокат, Астана қаласы

Кенжеханұлы Рауан — «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы

Көшербаев Айтбай Көшербайұлы — еңбек ардагері, Қызылорда облысы

koesherbaev
Фото: Ақорда

Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы — Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты

Пономарёв Сергей Михайлович — Парламент Мәжілісінің депутаты

ponamarenko
Фото: Ақорда

Сайыров Ерлан Бияхметұлы — Парламент Мәжілісінің депутаты

sajyrov
Фото: Ақорда

Сатыбалды Азамат — актер, Алматы қаласы

satybaldy azamat
Фото: Ақорда

Сахариянов Қанат Ақылбайұлы — «Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры, Астана қаласы

Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы — «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы

Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы — Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

Фазылжан Анар Мұратқызы — «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы;

«Ел бірлігі» орденімен

Дементьева Наталья Григорьевна — Парламент Мәжілісінің депутаты;

«Құрмет» орденімен

Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы — «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы

Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы — «Қазақстанның „Байтақ“ жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы

Әскеров Эмин Халилұлы — «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы

Базартай Жандос Нұртайұлы — «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

Борашов Раббим Байбозұлы — Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы — «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы

Қожахметова Ләззат Таймырқызы — Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты

Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы — «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы

Сарыбай Серік Әбікенұлы — жазушы, Жетісу облысы

Сәдуақасов Серік Тельманұлы — Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

Тау Сырымбек — кәсіпкер, Алматы қаласы

Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы — білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы

Шаталов Никита Сергеевич — Парламент Мәжілісінің депутаты;

shatalov
Фото: Ақорда

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Матжани Нұрбек Сейілханұлы — журналист, Астана қаласы

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы — «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы;

«Шапағат» медалімен

Пак Елена Владимировна — «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы;

 «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілсін

Бақтиярұлы Мұрат — қоғам қайраткері, Қызылорда облысы

Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы — саясаттанушы, Алматы қаласы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика