Сейсенбі, 28 қазан, 16:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр өнерпаздарының мерекелік концерті Швейцарияның Берн қаласында қорытындыланды

27.10.2025

9

0

571021349 1122981950023048 429278785550769547 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күнін кең көлемде атап өту және қазақ өнері мен мәдениетін әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында Сыр елі өнер майталмандарының мерекелік концерті Швейцарияның Берн қаласында өтті.

Мерекелік шараны Қазақстанның Швейцариядағы және Лихтенштейндегі Елшісі Қайрат Саржанов ашып, өнерпаздардың ұлттық мәдениетті дәріптеудегі еңбегіне ризашылық білдірді.

571242602 1122981753356401 7647923448182969378 n

Концертке Швейцария Сыртқы істер министрлігі Еуразия директоратының басшысы, Елші П.И. Фукс арнайы қатысып, қазақ диаспорасын және шығармашылық ұжымды Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Берн кантонының басшысы, Швейцарияның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық корпус өкілдері, іскерлік топтар және қазақ қауымдастығының мүшелері қонақ болды.

Берн төріндегі бірегей концерт екі ел арасындағы мәдени және рухани байланысты тереңдетіп, қазақ өнерінің халықаралық деңгейде танылуына кең жол ашты. Қазақтың әуезді әні мен күмбірлеген күйін паш еткен өнерпаздар көрермен ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.

Кеш соңында қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.

570194978 1122982170023026 4043621823617086931 n
571255437 1122982000023043 6231995749230000571 n
569087482 1122981786689731 7657020357509606536 n
572795049 1122982040023039 8451630449705760170 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика