Сәрсенбі, 21 қаңтар, 19:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген қамқорлықты көремін — Президент

20.01.2026

19

0

c0c35e78 bd93 4b61 933f 5908b4ca57bb
Фото: Ақорда

Қызылорда облысының әр ауылындағы тазалық көз тартады. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Бүгінгі басқосуға Сыр елінің азаматтары қатысып отыр. Олардың ішінде ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастар бар. Осы орайда жергілікті халықтың еңбекқорлығы мен ұйымшылдығын атап өткім келеді. Мен Сыр елі жұртшылығының бойынан туған жерге деген сүйіспеншілікті, қамқорлық пен жанашырлықты, нағыз отаншылдықты көремін. Облыс орталығымен қатар, әр ауылдың тазалығы көз тартады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент Нағи Ілиясов және Таң ауылдарын бүкіл елге үлгі ретінде үнемі айтып жүретінін атап өтті. 

— Сіздер осы аймақпен қатар күллі еліміздің дамуына үлес қосып келесіздер. Бір ел, бір халық болып жұмыла білгеннің арқасында өткен жылды мол табыспен аяқтадық, — деді Мемлекет басшысы.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика