Сенбі, 06 желтоқсан, 03:49

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиелі кентінде тұрғындарға жаңа үйдің кілті табысталды

05.12.2025

16

0

594075123 1153501273637782 3197947220463255605 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Шиелі кентіндегі «Шұғыла» мөлтек ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынған тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.

Облыстық мәслихат төрағасы жаңа үй иелеріне ізгі тілегін білдіріп, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізді.

594072586 1153501166971126 5819288347649860157 n

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы баспана жұртшылықтың тұрмыс сапасын танытатын маңызды көрсеткіш екенін атап өтті. Аймақта Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен, жерлестеріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Өңірдің сәулеттік келбеті күн сайын жаңарып келеді. Әрбір баланың шығармашылықпен, спортпен айналысуына мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалған.

«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты ел дамуының темірқазығына айналды. Бұл халықтың ынтымағын нығайтып, мемлекеттің қуатын арттырады. Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолында Сыр жұртшылығы да бекем бірліктің, ерен еңбектің үлгісін көрсетуде.

Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Кейбір көрсеткіштердің мәнін терең түсінуіміз қажет. Өйткені, ол – жай ғана статистика емес, жерлестеріміздің еселі еңбегінің жемісі.

Бүгін – мемлекеттің қолдауымен баспаналы болуға талап қылған әрбір отбасы үшін ерекше қуанышты күн! Жаңа үйлеріңіздің іргетасы берік, қабырғасы мығым, ішіндегі әр отбасының шаңырағы татулық пен берекеге толы болғай!», – деді М.Тлеумбетов.

595069846 1153500936971149 1421050307022043830 n
594978422 1153500950304481 1090131092849100353 n

Рәсімде Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен тұрғын үйді салған мердігер мекеме қызметкерлері Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Т.Жағыпбаров жиналған жұртшылыққа бата берді.

595153216 1153501160304460 3640639955213939656 n
594059346 1153501123637797 144292599551023908 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика