Сенбі, 06 желтоқсан, 03:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шиелі ауданында екі елді мекенге газ қосылды

05.12.2025

16

0

591744436 1153484473639462 154397329100913566 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің қатысуымен Шиелі ауданындағы №21 бекет және Жансейіт елді мекендеріне газ қосу рәсімі өтті. Оған жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Мәслихат төрағасы тұрғындарды көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.

591914497 1153484696972773 6807850340822571157 n

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ауылдарды дамытудың маңызын атап өтіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Бүгінде облыс тұрғындарының жартысынан астамы ауылдарда тұрады. Кейінгі жылдары облыс орталығымен қатар, ауылдарға да сапалы инфрақұрылым жеткізу ісі қарқын алды. Өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Биыл аймаққа 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылса, алдағы жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Бүгін мемлекеттің қолдауымен көгілдір отынға қол жеткізген ауылдағы әр үй қуаныш пен жылуға кенелуде. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

595015499 1153484596972783 6907720953169179236 n
593406657 1153484620306114 6338206609859282477 n

Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Насырбек Мырзабеков құттықтау сөз сөйледі.

Соңғы жылдары Шиелі ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуда ауқымды жұмыс атқарылды. Кентте 30 төсектік жұқпалы аурулар бөлімінің жаңа ғимараты, аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат, «Руханият орталығы», «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Бестам ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клуб, аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне айналды.

Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика