Сәрсенбі, 12 наурыз, 09:00

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Республикалық командалық айтыста Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанды

15.02.2025

141

0

480482934 928112719509973 3160345198144633672 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылордадағы «Өнер орталығында» облыс әкімінің қолдауымен өткен «Адал еңбек – ел ырысы» атты Қызылорда және Алматы облысы ақындарының республикалық командалық айтысы қорытындыланды.

«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай еңбек құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған өнер додасында айтыскерлер түре, сүре, қайым және қыз бен жігіт айтысы бойынша, жыр, терме, дәстүрлі ән және күй жанрларында сынға түсті.

Түре айтыста алматылық Жәмәли Айбын мен қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан сөз бәсекесін қыздырды.

Дәстүрлі ән жанрында Бейсенбек Төлеубай мен Ұлжан Ағлақова әуелете ән шырқаса, термешілер Ербақ Құрметжанұлы мен Күнсұлу Түрікпен текті өнердің төресін танытты.

Қайым айтыста Мұхтар Ниязов қарсыласқа қиын ұйқас ұсынып, сөзден тосылмаған қос жүйрік елдің шынайы ықыласына бөленді.

Аламан айтыс шамамен 6 сағатқа созылды. Қызылорда облысының командасы жеңімпаз атанып, республикалық командалық айтыстың ақтық кезеңіне жолдама алды.

Сыр еліндегі өнер бәйгесінің көрігін қыздырған екі команданың мүшелеріне де қаржылай сыйлық табысталды.

480221594 928112556176656 6989475947553520225 n
479956289 928112579509987 147233518010899001 n
480550408 928112676176644 1282570612240934881 n
480307484 928112652843313 957359779281635713 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика