Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 14:27

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада жаңа жылу-электр орталығы салынды

22.12.2025

6

0

605025011 1165497925771450 1450562836608809257 n

Мемлекет басшысының қолдауымен «AKSA Energy» түрік компаниясы Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын салды. Орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауқымды жоба жайында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі баяндамасында айтылды.

604733214 1165497845771458 7192700495261645580 n

«Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған жобалардың бірі. Жаңа орталық 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Электр энергиясымен өңірімізді ғана қамтамасыз етіп қоймай, бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады, – деді Н. Нәлібаев.

603912709 1165498095771433 6116594870008429172 n

Еске салсақ, жаңа жылу-электр орталығының жобалау құжаттары 2023 жылы әзірленіп, 2024 жылы құрылысы басталды.

Инвестициялық шартқа сәйкес станцияның іске қосылуы 2026 жылдың тамыз айына белгіленген. Мемлекет басшысының тікелей бақылауында болғандықтан, станция уақытынан бұрын пайдалануға берілді.

Бүгінде 176 мегаватт электр энергиясын шығаратын газ турбинасы қосылды. Келесі жылдың басында бу турбинасы іске қосылып, қосымша 95 МВт электр энергиясы өндірілмек.

605544018 1165497979104778 8666354874576161004 n
603898066 1165498065771436 7776487967638474315 n

Кейінгі жылдары тұрғындарды электр энергиясымен тұрақты қамту бағытында 24 млрд. 200 млн. теңгеге 71 жоба жүзеге асып, тозған желілер 60,8 пайыз төмендеді.

Мемлекет басшысының Катар сапарында жасалған келісімнің нәтижесінде қуаттылығы 1100 МВт-тық бу-газ қондырғысын жобалау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 250 гектар жер телімі бөлінді. Жобаның техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған», «Қызылорда-Шымкент» жоғары қуатты 500 кВт электр желілері салынады. Оған қоса 1,5 мың шақырымдық «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының екінші желісі жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 3 трлн. теңге, оның 1,7 трлн. теңге болатын 846 шақырым газ құбыры облыс аумағынан өтеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика