Бейсенбі, 21 қараша, 11:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

15.11.2024

511

0

Қызылордада республикалық ғылыми практикалық конференция өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қызылорда облысы бойынша департаменті, облыстық акімдік және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: құндылықтар мен этикалық қағидаттар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияға Департамент басшысы Қ.Ахметқалиев, Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Д.Жаналинов, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М.Нәлібаев, Қорқыт Ата университеті ректорының кеңесшісі Басығараев Нұрмантай Асқарұлы, ISO 37001 Сыбайлас жемқорлықа қарсы басқару жүйесінің Жетекші аудиторы Б.Ниязов, сонымен қатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылығы қатысты.

Конференцияның мақсаты қоғам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оның кез келген көрінісіне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру және тәрбиелеу жөніндегі қызметті жандандыру.

«Сыбайлас жемқорлық – кез келген қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс. Ол елдің экономикалық өсімін тежейді, әлеуметтік теңсіздік тудырады және халықтың мемлекетке деген сенімін әлсіретеді.Әрқайсымыз бұл індеттің көріністерінен азат қоғам құруға өз үлесімізді қосуға ат салысуымыз керек»,- деді Департамент басшысы Қуаныш Жұмағалиұлы конференцияның ашылуында.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы құттықтау сөзінде «Әрбір азамат елінің патриоты болып, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет екенін» айтап өтті.

Конференция барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  университетінің  профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ж.Шаяхметова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тетіктері» жөнінде айтып өтсе, Жетісу университетінің профессоры, PhD докторы Б.Айтимов «Жоғарғы оқу орындарында комплаенс қызметін енгізудің практикалық мәселелері» туралы баяндады.

Іс-шара соңында қоғамға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмысына белсене атсалысқан бірқатар тұлғалар Департамент басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

коркыт.jpeg
коркыт 2.jpeg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика