Дүйсенбі, 02 маусым, 10:37

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылордада өткен республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті

25.05.2025

127

0

499804462 999830439004867 6703931839889515760 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Аманат» партиясының қолдауымен өткен «Үш дәуірдің астанасы — Қызылорда» атты республикалық айтыс мәресіне жетті. 1000 орындық «Өнер орталығы» сөз додасын қызықтаған көрерменге толды. Айтыскерлер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180, Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толуын, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70 және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын жырға қосты.

500248485 999830685671509 2867879358136387220 n

Қазылар алқасына мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абрахманов төрағалық етті. Құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Мәдениет саласының үздігі, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, жырау Алмас Алматов, сондай-ақ айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мэлс Қосымбаев болды.

500081397 999831109004800 1767169505929832025 n

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізді.

Аламан айтыстың бас жүлдесі Сара Тоқтамысоваға бұйырды. I орын қызылордалық ақын Мейірбек Сұлтанханға, II орын Мұхтар Ниязовқа, ал III орын Абай облысынан келген Рүстем Қайыртай мен Қарағанды облысының ақыны Мақсат Ахановқа берілді.

Сондай-ақ, Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы) мен Бекарыс Шойбеков (Түркістан облысы) арнайы жүлдемен марапатталды.

Сөз додасының көрігін қыздырған Қарағанды облысының ақыны Дидар Қамиевке, Павлодар облысынан келген Аспанбек Шұғатайға, ақтөбелік Злиқа Наурызалина мен Нұрбол Жауынбаевқа, сондай-ақ Түркістан облысынан келген Нұрмахан Жақыпбекке 500 мың теңгеден сыйақы табысталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика