Сәрсенбі, 14 қаңтар, 02:15

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызылорда облысында 40 МВт күн электр станциясы іске қосылды

13.01.2026

9

0

615701332 1181310380856871 5832960903531083234 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Шиелі ауданы Еңбекші ауылдық округінде қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясын іске қосу рәсімі өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазыбек Иса, «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «Хуадиянь Қазақстан Энерджи» компаниясы бас директорының орынбасары Лю Тченг, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

615090302 1181310510856858 8336501202962286726 n

Аймақ басшысы жұртшылықты жаңа станцияның ашылуымен құттықтап, өңірде атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті.

«Президентіміз «Түркістан» газетінде жарияланған сұхбатында «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін түбегейлі өзгеріс жасау аса маңызды екені туралы нақты түсінік қалыптасты», – деген болатын. Биыл ел тағдырына тікелей әсер ететін, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды дамытудың ұзақ жылдарға арналған бағыт-бағдарын айқындайтын жыл болатынын жеткізді.

Бүгінде облысымыздағы қарқынды жұмыстардың қуанышты сәтіне Өздеріңізбен бірге жетудеміз. Қытайлық «Хуандиан» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған «Тесис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 40МВт-тық күн электр станциясы іске қосылады.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары сағатына 15,5 МВт электр энергиясын тұтынады. Жаңа станция Шиелі ауданымен қатар облыстың басқа да қажеттіліктерін өтеп, электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етеді. Жаңадан ірі өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Жобаға 11 млрд. 500 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік қолдау ретінде 80 гектар жер телімі берілген.

Одан бөлек, 6 млрд. теңгеге қуаттылығы 20 МВт-тық күн электр станциялары салынуда. Бұл жобалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға жаңа серпін береді.

Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады. Ауылдың дамуы, келешегінің жарқын болуы Сіздерге, еңбекқорлықтарыңыз бен ауызбірліктеріңізге байланысты. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!», – деді аймақ басшысы.

615436457 1181310434190199 6593277757419851369 n

Жиында ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен күн электр станциясын іске қосқан сала қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Қызыбек Иса сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.

615432337 1181310180856891 2979482056938744606 n
616167406 1181310444190198 7337293779363368844 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика