Бейсенбі, 14 қараша, 21:32

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚР Премьер-министрі «Жан-Арай» агро-индустриялық кешен жұмысымен танысты

13.11.2024

40

0

агроиндустриялық кешен жұмысымен танысты

Олжас Бектенов Қызылорда облысында Президенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Сапар барысында Қызылордада Премьер-министр бүгінде 200 жұмыс орны ашылған «Жан Арай» ЖШС агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік орындарын аралады. Кәсіпорын күріш, құрама жем өндірумен, жемістер мен көкөністерді өңдеу және сақтаумен айналысады. Мұнда қуаты тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіруге жететін және тәулігіне 150 тонна күріш өңдей алатын екі зауыт жұмыс істейді. 1500 тонналық жеміс сақтау қоймасы, сыйымдылығы 1120 тонна тоңазытқыш бар. Сонымен қатар сыйымдылығы 4 мың тонна болатын көкөніс қоймасы бар, бұл маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар өнімдерге бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кешен өнімдері Қазақстанда сатылады және Түркия, Ирак, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Беларусь және басқа да алыс-жақын шетелдерге экспортталады.

«Жан Арай» ЖШС агроиндустриялық кешені күріш өндірісімен, күріш жармасын халықаралық стандарттар бойынша өңдеумен, түйіршіктелген жем өндірумен айналысады. 

Жан Арай 2.jpg

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика