Бейсенбі, 03 шiлде, 17:54

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме байқауы өтті

03.07.2025

12

0

koerme
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Кеше «Өнер орталығында» «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме байқауы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, кәсіпкерлер қатысты.

Аймақ басшысы конкурсқа қатысушыларды құттықтап, өңірдің өңдеу өнеркәсібі саласындағы жұмыстарға тоқталды.

«Соңғы жылдары Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі 18,2%-ға артып, өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 21%-дан асты. Жылына 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылуда. Бүгінде 65 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасайды. Мұнда 121 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлерге қайтарымсыз гранттардан бастап, жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік субсидиялар беру арқылы инвестициялық, қаржылық, инфрақұрылымдық қолдау көрсетілуде. Биыл жеке кәсіпкерлікті қолдаудың барлық көзінен 30 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Мемлекет басшымыз экономиканың нақты секторын кедергісіз несиелендіру мақсатында бизнес субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру жүйесін енгізуді көздейтін заңнамалық актіге қол қойды. Бұл – кәсіпкерлерге үлкен қолдау! Енді бизнес өкілдерінің екінші деңгейдегі банктерге кепіл ұсыну мүмкіндігі болмаса, оған арнайы кепілдік қорының қаржыландыруы арқылы қол жеткізе алады.

Баршаңызды алдағы уақытта да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек етуге, мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырамыз. Аймақтық конкурстың жеңімпаздары республикалық байқауда үздіктер қатарынан көрініп, Сыр өңірінің мерейін үстем етеді деп сенеміз!», – деді Н.Нәлібаев.

Байқауға экономиканың түрлі саласынан 67 тауар өндіруші қатысты. Сарапшылардың бағалауы бойынша 9 жеңімпаз іріктеліп, марапат иелеріне ноутбук сыйға берілді.

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы бойынша тыңайтқыш өндірісі саласындағы «Агрохимсервис», цемент өндірісіндегі «Компания Гежуба Шиелі Цемент»  және шыны өнімдерін шығаратын «Орда Гласс ЛТД» серіктестіктері жеңімпаз атанды.
«Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша «Асыл дән LTD»,  «Таң LTD» күріш өндіруші серіктестіктері, «Әль Баракат Дистрюбишн» жартылай фабрикат өндіруші серіктестігі марапатқа ие болды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Панабек», «Сыр жиһазы KZ»,  «Арт-групп Сервис» серіктестіктері жеңіп алды.
Салтанатты шарада Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетұлы, Мұрат Абдуламитұлы құттықтау сөз сөйлеп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

514830417 4306321656255415 4059483317336176028 n
506499712 4306321682922079 6862238231276642842 n
514517711 4306321732922074 5245205166250061422 n
504376675 4306321876255393 2480131232543915780 n
514343853 4306321769588737 2941670228953322965 n
көрме 1.jpg
көрме.jpg

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика