Сенбі, 18 қазан, 09:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың “Сағыныш ғұмыр” атты шығармашылық кеші өтті

16.10.2025

21

0

561924320 1113902527597657 4049720777839417757 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықовамен кездесті. Еліміздің, Сыр өңірінің мәдени-рухани дамуына қосқан үлесі үшін Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, сый-құрмет көрсетті.

564631589 1113902424264334 7389472781850331973 n

«Бүгінгі шығармашылық кешіңіз ұлтымыздың «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толған мерейтойға, Қызылордамыздың төл мерекесі – Қала күніне үлкен тарту болды.

Сіз әрдайым туған топырақты, халқымыздың өр рухын жырға қосып, мәдениетіміз бен руханиятымызды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеп келесіз.

«Сыр елі – жыр елі» атанған өңірімізде өнерпаздарға қолайлы орта қалыптастыруға, өнерлі, дарынды жастарымыздың шығармашылығын шыңдауға бағытталған маңызды жобалар қолға алынған.

Өнер адамдарын, мәдениет майталмандарын қолдауға әрқашан дайынбыз. Төл өнеріміздің туын биікте ұстап, көрерменнің зор құрметіне бөлене бергейсіз! Сізге мықты денсаулық, шығармашылығыңызға табыс тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.

Кездесуде Елена Әбдіхалықова көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, аймақтың мәдениет саласындағы ауқымды жұмыстарға оң бағасын берді.

Одан кейін аймақ басшысы композитордың Өнер орталығында өткен «Сағыныш ғұмыр» атты шығармашылық кешіне қатысты. Концертте Елена Әбдіхалықова белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен бірге симфония оркестрінің сүйемелдеуімен «Біргемін мен сендермен», «Есіңе мені алғайсың», тағы басқа танымал әндерін орындады.

Шығармашылық кеште Арайлым Ибраева, Дәурен Сейітжанов шырқаған әндер көрермен көңілінен шықты. Ақын өлеңдерінен құралған «Менің атым Сағыныш» атты композицияны театр артистері шебер орындады. Автор сыршыл өлеңдерін өзі де оқып, тыңдарманын бір мезет поэзияның терең иірімдеріне бойлатты. «Қазақ елі», «Сыр елі» сияқты халыққа кең тараған туындыларды Өнер орталығына жиналған қауым қосыла шырқады.

560918931 1113902467597663 4388072226529018042 n
560923264 1113902530930990 5509805897007092289 n
566193499 1113902504264326 651490487086009508 n
566228337 1113902497597660 534413777317903617 n
560614777 1113902437597666 7947165985192015882 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика