Жұма, 23 қаңтар, 04:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданының Бекарыстан би ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

21.01.2026

14

0

616827394 1187588406895735 7527152002172995436 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

​Салтанатты жиында аймақ басшысы спорт саласын өркендетуде, жұртшылықты салауатты өмір салтына ынталандыруда атқарылған жұмыстарға тоқталды.

616830368 1187588560229053 354338860967580712 n

«Кеше ғана Сыр елінің бас шаһарында өткен құрылтай отырысында ел тарихына алтын әріппен жазылатын, келешек ұрпақ айта жүретін маңызды шешімдер қабылданды. Бұл шешімдер еліміздің саяси, әлеуметтік, және экономикалық дамуына серпін беріп, халқымыздың болашаққа деген сенімін арттырып, ұлт бірлігін нығайтуда маңызды қадам болатыны сөзсіз.

Мемлекет басшымыздың ерекше қолдауы баршамызды жаңа жетістіктерге жетелейді, еселенген жауапкершілік жүктейді.

Президентіміздің ауылды дамыту, аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, оларды елдегі саяси-экономикалық процестерге белсене қатыстыру жөніндегі бастамалары стратегиялық маңызға ие.

Аймағымызда тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда.

2022 жылдан бері 24 спорт нысаны, атап айтқанда, Орталық стадион, Теннис, Инклюзивті спорт орталықтары, 21 спорт кешені салынды.

Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 4 спорт кешені ашылады. Міне, бүгін 429 млн. теңгеге бой көтерген сол кешеннің бірін Өздеріңізбен бірге ел игілігіне табыстаймыз.

Ауыл спортын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа нысан баршаңызға құтты болғай!», — деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан аға буын мен сала қызметкерлері, ғимаратты сапалы етіп салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Еңбек ардагері Болат Сәдуов бата берді.

617438131 1187588683562374 297100516918579399 n

Мемлекет басшысы аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамытып, стадиондар мен спорт кешендерін салуды тапсырғаны белгілі.

Бүгінде облыс орталығындағы ірі жобалардың бірі — аумағы 25 мың шаршы метр болатын «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы. «Самұрық Қазына Траст» қорымен бірлесіп «Теннис орталығы», 11 мың орындық жаңа стадион, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы, «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен Шиелі, Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері, Инклюзивті спорт орталығы ел игілігіне табысталды. Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңы мен Жалағаш ауданының орталық стадионы күрделі жөндеуден өтті. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен орнатылған 80 спорт-ойын алаңы ел игілігіне қызмет етуде.

616827943 1187588600229049 4439493219120231903 n
616832652 1187588620229047 6328647552727370615 n
616019984 1187588653562377 391194072787981495 n
617470367 1187588490229060 6500022510066636601 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика