Жұма, 23 қаңтар, 04:12

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қазалы ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

22.01.2026

23

0

616795420 1188104543510788 8399235271010350543 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі теміржол арқылы өтетін аспалы көпірдің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті.

616836662 1188104356844140 6242402838216650402 n

«Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», – деген болатын.

Осы мақсатта өңірімізде белсенді жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен 2022-2025 жылдары 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Өткен жылдың өзінде жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде.

Қазалы вокзалы жанындағы 1,3 млрд теңгеге салынған теміржол үстінен өтетін аспалы көпір – осындай байыпты бастамалардың жалғасы. Бүгін ел игілігіне табысталатын жаяу жүргіншілерге арналған көпірді Әйтеке би кентінің арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғын қолданады. Бұл өткел арқылы 2 мыңнан астам адам күнделікті әрлі-берлі қатынайды. Сондықтан да жұртшылықтың теміржолдан қауіпсіз әрі тез өтуіне тигізер пайдасы ұшан-теңіз.

Көпірді сапалы етіп салып, мерзімінде аяқтаған мердігер «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС-нің құрылысшыларына алғыс білдіреміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Жаңа көпір жақсылықтың бастауы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде «Құрмет» орденінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекбанов бата берді. Теміржол саласында еңбек ететін мамандар мен көпір құрылысын салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

615857003 1188104466844129 5466244583430669448 n
616097895 1188104510177458 5142138715317440128 n
617789232 1188104573510785 2281459070226202830 n
617347858 1188104370177472 8582568548500136564 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика