Сәрсенбі, 21 қаңтар, 19:44

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысы әкімінің жұмысын оң бағалады

20.01.2026

20

0

598106e6 0642 4b54 860e 2f14562870c7
Фото: Ақорда

Қызылордада 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Қазір Қызылорда облысында әсіресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. 3 жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика