Жексенбі, 16 қараша, 01:53

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

14.11.2025

26

0

1763119109 kz1 2406 2
Фото: Akorda.kz

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айрықша құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Akorda.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ауыл шаруашылығы саласының 30 еңбеккері мемлекеттік награда алды

Атап айтқанда, бір адам – «Парасат» орденінің кавалері, саланың 6 өкілі «Құрмет» орденінің иегері атанды.

II дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 1 азамат, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен 10 адам, «Ерен еңбегі үшін» медалімен 6 еңбеккер марапатталды.

Сондай-ақ бүгінгі іс-шарада «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ауыл шаруашылығы саласында озат атанған төрт азаматқа алғаш рет тапсырылды.

kz1 2170 2 1

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика