Жұма, 14 наурыз, 22:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Президент: «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн

14.03.2025

11

0

53d8994e abf2 4ba7 b2d8 087bee2d2b73
Фото: Ақорда

Біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды. Бұл туралы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

— Жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысынан шет қалып отыр. Оның үстіне, осы бағыттағы жұмыстар қазір әртүрлі құжатпен реттеледі. Шашыраңқы болып тұр бәрі. Соның бәрін бір жерге жинақтаған дұрыс деп ойлаймын. Осыған орай «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама қабылдаған жөн. Бұл өте маңызды құжат болмақ. Оны дайындау үшін Үкімет пен Парламент депуттары, омбудсмен Динара Зәкиева, қоғам қайраткерлері өз үлесін қосады деп ойлаймын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек.

— Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды, — деді Мемлекет басшысы. 

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика