Жұма, 09 мамыр, 16:02

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы ОК Бас хатшысы То Лам әскери парадты тамашалады

07.05.2025

40

0

dsc 3551 2 (1)
Фото: Akorda.kz

7 мамыр – Отан қорғаушы күні Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам салтанатты іс-шараға құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мемлекет басшысы парадта сөйлеген сөзінде Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлемге үлкен сабақ болғанын атап өтті.

– Біз елдік үшін күрескен батыр бабаларды ұлықтаймыз. Отан қорғау жолында опат болған боздақтарға тағзым етеміз. Бейбіт күнді қырағы күзетіп тұрған сарбаздарға құрмет көрсетеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Парадқа Қазақстан Қарулы күштері құрамында және басқа да құрылымдарда қызмет ететін 4 мыңнан аса адам қатысты. Сондай-ақ 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшағы көрсетілді.

Бас алаңға 5 мыңнан астам көрермен жиналды. Олардың ішінде соғыс және тыл ардагерлері, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, депутаттар мен қоғам қайраткерлері, еліміздің әр аймағынан келген делегаттар, әскери-патриоттық клубтардың жас сарбаздары бар.

1746608424 kz8 3507 2
1746608107 kz8 3796
1746608056 dsc 2917 2
1746608838 kz3 7400 2

Akorda.kz

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика