Бейсенбі, 30 қазан, 20:55

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

15

0

1a797e9e 0e94 41b6 9bd8 c162132f4d97
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы көрермен залын аралап көріп, облыстық симфониялық оркестрдің дайындық барысын тамашалады.

Мың орынға арналған көп функционалды Өнер орталығы былтыр ашылған. Кең әрі заманауи үлгідегі ғимарат құрылысына 3,7 миллиард теңге жұмсалған.

Мұнда концерттер, шығармашылық кештері мен түрлі қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Орталықта бірнеше шығармашылық ұжым орналасқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдан бері облыста 18 мәдениет нысаны ашылғаны туралы мәлімет берілді. Соның ішінде 7 заманауи «Руханият» орталығы, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен шалғай елді мекендерде мәдениет үйлері салынды. Әкімдік мәдениет саласы қызметкерлерін баспанамен қамту, мамандардың біліктілігін арттыру және озық тәжірибені енгізу бағыттары бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.

f3cdfa27 22f2 40da ba96 c4c296e52602
fdc6afae 97ff 4709 a4c9 4f1056855724
bde73de1 ac5f 4631 8ecd 2cc66354b302
35a5feaf 60e7 4259 b372 e0c395a3a2e4

t.me/aqorda_resmi

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика