Сенбі, 02 тамыз, 06:47

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

01.08.2025

40

0

525681998 1051669383820972 4623880011221887609 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қазалы ауданына жұмыс сапарымен барды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Қарашеңгел ауылындағы «РЗА» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты.

«РЗА» АҚ – 2000 жылы құрылған және су үнемдеу технологияларын енгізген алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорыны. Негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу. Биыл 4706 гектар жерге егін еккен. Оның 2238 гектары күріш, 419 гектары жүгері, 702 гектары жаңа жоңышқа және 1347 гектары ескі жоңышқа. Шаруашылықта 210 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ауыл шаруашылығы техникалары да жеткілікті, паркінде 25 трактор, 15 комбайн, 2 шөп шапқыш, 3 тіркеме және 11 экскаватор-погрузчик бар. Климаттың өзгеруі мен су тапшылығына байланысты кәсіпорын 2021 жылдан бері су үнемдеу технологияларын енгізе бастады. Бұл мақсатта 600 миллион теңгеге арнайы жобаны жүзеге асырды. Германиядан дренажды құбырлар мен арнайы соқа сатып алып, Испаниядан әкелінген жаңбырлатып суару жабдығы орнатылды. Жаңа технологиялар суды тиімді пайдалануға, өнімділікті арттыруға, экологиялық тұрақтылыққа айтарлықтай оң ықпал етті.

Аудандағы суармалы жер көлемі 31 024,3 гектар, оның 17 445 гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары, атап айтқанда дәнді дақылдар 5 881 гектарға, майлы дақылдар 500 гектарға, малазықтық дақылдар 8 900 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2 164 гектарға егілді. Күріш көлемі 5 636 гектар. Егін шаруашылығымен 9 шаруашылық айналысады, барлығы күріш егеді.

Вегетациялық кезең басталғалы бері жоспардағы 295,03 млн текше метр судың 259,6 млн текше метрі, яғни 88 пайызы жеткізілген.

Сапар барысында Қанат Бозымбаев «Басықара» гидроторабының жұмысын тексеріп, шаруашылық жетекшілерімен кездесуде халықаралық келісімдер туралы айтты.

Вице-премьердің айтуынша, көрші мемлекеттермен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде вегетациялық кезеңді аяқтауға жеткілікті су көлемін алу жоспарланып отыр. Осы келісімдер аясында 15 тамызға дейін Өзбекстаннан секундына 200 текше метр, ал Қырғызстаннан 150 текше метр су жеткізіледі деп күтілуде.

Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты
Премьер-министрдің орынбасары Қазалы ауданындағы агросектордың жай-күйімен танысты

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика