Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 14:09

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Өткен 11 айда 28 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды

22.12.2025

7

0

605128338 1165494402438469 9003105404623164904 n

Сыр өңірінде экономиканың барлық саласында 2022-2024 жылдары 80742 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 2025 жылдың 11 айында 27964 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

«Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасы 2022-2024 жылдары 42 пайыз артығымен орындалып, 37 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, биылғы жылы 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жоспар 12,9 пайыз артығымен орындалды.

2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» жобасы аясында 100-ден астам елді мекенде 6 млрд. 828 млн. теңгеге 943 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1 303 жұмыс орны құрылды», – деді Н.Нәлібаев.

Аймақта жұмыссыздық көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Атап айтсақ, 2022 жылы 4,9%, 2023 жылы 4,9%, 2024 жылы 4,8%, 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен 4,6% болды.

605520557 1165494585771784 4022188514216172189 n
605031296 1165494665771776 6602743517007391464 n
603884236 1165494855771757 775713198981528231 n
603874387 1165494542438455 5929160480197904165 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика