Сәрсенбі, 27 қараша, 05:36

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұрлыбек Нәлібаев: Халықпен жиі кездесіп, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын қарастырыңыздар

29.09.2022

308

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының 8 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық-саяси ахуалын талдауға арналған жиын өткізді.

Басқосуға облыстық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары мен жауапты сала мамандары қатысты.

Жиында Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов, Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев, Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов ауданда өндіріс орындарын көбейту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, инфрақұрылым жүргізу мәселесі, денсаулық, білім салалалары, жылу маусымына дайындық барысы сынды өзекті сұрақтарға қатысты баяндама жасады.

Аудан әкімдерінің жұмысын саралаған аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты түрде ұстау, түйткілді мәселелерді алдын ала шешуде іс-қимыл жоспарын уақытылы орындау қажет екенін ескертті. Сондай-ақ, алдағы жылу беру маусымына дайындықты күшейтіп, қоймаларда көмір мен сұйық отынның қажетті мөлшері болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Бүгінгі күні басты міндет жылу маусымына дайындық барысын пысықтау. Әлеуметтік нысандардың бу қазандықтары сақадай сай болу қажет. Көмір қорының жеткілікті болуын қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Мемлекеттік бағдарламалар аясында орындалуға тиіс жобалар мен нысандар салуды уақытылы аяқтауларыңыз керек. Халықпен жиі кездесулер өткізіп, ортақ мәселелерді оңтайлы шешудің жолдарын қарастырыңыздар. Кәсіп ашуға ынталы азаматтарды қолдай отырып, жұмыспен қамту шараларын ұдайы жүргізіңіздер», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кету керек, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы негізінде барлық ауданда облыс әкімінің орынбасарлары мен құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлескен қоғамдық кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізілді.

Облыс әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге уақытылы әрі сапалы жауап беру, проблемалық сұрақтарды алдын ала шешу үшін тиімділігін танытқан мұндай кездесулерді қазан айында да ұйымдастыру қажет екенін тапсырды.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика