Сәрсенбі, 27 қараша, 07:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Министр ана мен бала өлімі қай өңірлерде көбейіп тұрғанын айтты

21.09.2022

733

0

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ана мен бала өлімі көп тіркелетін өңірлерді атады.

Айтуынша, биыл жарты жылда ана өлімінің көрсеткіші 2,4 есеге төмендеді.

«Ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Себептер құрылымын акушерлік асқынулар 70%, соматикалық аурулар – 30% құрап отыр», – деді Ғиният үкімет отырысында.

Ал нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 тірі туғанға шаққанда 8,3-ті құрады. Сәби өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелген. Қайғылы жағдайлардың 33%-інде шала туған, салмағы аз сәбилер шетінеген.

Балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп топтары бар балаларды зерттеп-қарау және консультация беру үшін Пренаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді. 18 Ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 6%-ке артып, 79%-ті құрады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика