Сейсенбі, 13 мамыр, 20:40

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Кірпіш зауыты жақын күндері іске қосылады

13.05.2025

28

0

kirpish zauyty zha yn k nderi iske osylady 10ae21000a
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Өндіріс» индустриялық аймағындағы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен танысты.

«Қызылорда Саз М» ЖШС кірпіш зауытын орналастыру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі бөлінген.

Зауыттың құрылыс жұмыстары 98% аяқталды. Жабдықтарды монтаждау жұмыстары 100% орындалды. Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттың құрылысы 80% біткен, сырты қапталып болды. Қазір аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мұнда негізгі техникалық құрылғылар орнатылып, өндіріс процесі автоматтандырылып, баптау жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына 90 миллион дана кірпіш өндіреді деп күтілуде, 70 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл кірпіш зауытының басты ерекшелігі – өндіріс толық автоматтандырылған. Жаңа технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жоғары деңгейде сақтауға мүмкіндік береді.

Кірпіш зауыты жақын күндері іске қосылады 1.jpg
Кірпіш зауыты жақын күндері іске қосылады 2.jpg

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика