Бейсенбі, 15 қаңтар, 07:11

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Келінтөбе ауылында жаңа спорт кешені ашылды

14.01.2026

15

0

bcccb069 c6b5 45ee b4b7 e7a81f03811e
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, «ҚазАтомӨнеркәсіп» акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, зиялы қауым өкілдері мен ел ағаларының қатысуымен жаңа спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Рәсімде аймақ басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, тұрғындарды жаңа кешеннің ашылуымен құттықтады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ауыл – біздің алтын бесігіміз. Ауылдағы тіршілік сапасын жақсартпай, жалпыұлттық дамуды елестету мүмкін емес» деген болатын.

Президентіміздің аймақтардың әлеуетін арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, оларды елдегі саяси-экономикалық процестерге белсене қатыстыру жөніндегі бастамалары стратегиялық маңызға ие.

Өңірде тұрғындардың бұқаралық, кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалуда. 2022 жылдан бері 23 спорт нысаны салынды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы 4 спорт кешені табысталады.

Бүгін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 393 млн. теңгеге бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне айналады. Ғимаратты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған құрылысшыларымызға алғыс білдіреміз.

Жаңа нысан дені сау ұлт қалыптастыруғақызмет етіп, осы жерден еліміздің көк туын әлемдік ареналарда желбірететін чемпиондар шығады деп сенеміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

6305ea63 ba8c 41bf a94c ed6ddb93f915

Рәсімде ауданың әлеуметтік-экономикалық дамуына  үлес қосқан азаматтар мен мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Қазыбек Иса құттықтау сөз сөйледі.

3d599267 7c7e 4228 92f0 96180e4b4cec
2cb5b643 3b44 46a1 a878 95ccbcc15a2c
8950c424 57f6 44eb 86a8 b18f9f781bfc
405a4f83 4717 40e2 a97f 37c0d2c1fc58
64d3f96e be8c 45b9 b9a9 ad12e4746c57

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика