Дүйсенбі, 19 қаңтар, 20:22

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Экономика саласы жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді – Серік Жұманғарин

19.01.2026

8

0

serik zh man arin f0fb0614db
Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылордадағы V Ұлттық құрылтайдың алғашқы жұмыс күні түс ауа экономикалық даму секциясына ұласты.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің 2025 жылғы экономикалық даму қорытындылары мен биылғы жоспары туралы баяндады.

— Өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімі 300 млрд АҚШ долларына, ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім шамамен 15 мың АҚШ долларына жетті. Экономиканың өсу қарқыны 6,5% болды. Бұл — 2012 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Экономиканың барлық саласында оң динамика қалыптасты. Жалпы ішкі өнімнің өсу үлесі негізінен өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік қызметі, құрылыс салаларына тиесілі, — деді министр.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім — 5,9%, ал оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5%-ға жақындады. Өткен жылы дәнді дақылдардан 27,1 млн тонна өнім жиналып, екінші жыл қатарынан рекорд орнады.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика