Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 11:28

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – әлемнің бесігі» атты салтанатты жиын өтті

07.03.2026

10

0

643954353 1223703779950864 6889093324508457439 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – әлемнің бесігі» атты салтанатты шара өтті. Аймақ басшысы аналар мен қыз-келіншектерді көктемнің көркем мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

645700611 1223703633284212 7467200536986142542 n

«Президентіміз «Әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді», – деген болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның толағай табыстары мен Сыр өңірінің бүгінгі жетістіктерінің барлығында әйелдер қауымының өз қолтаңбалары бар.

Аналарымыздың рухынан күш, ұлағатынан тәлім алған аруларымыз бүгінде экономикамыздың барлық саласында табысты еңбек етеді.

Облыс бойынша мемлекеттік қызметшілердің 45 пайызы, медицина қызметкерлерінің 88 пайызы, ұлағатты ұстаздардың 78 пайызы, жалпы бюджеттік саланың 62 пайызы, шағын және орта бизнесте еңбек ететіндердің 55 пайызы қыз-келіншектер.

Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін. Біз, ер-азаматтар Сіздерді жоғары бағалаймыз, құрметтеп, қадірлейміз. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ниет-тілегіміз әрдайым ерекше.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген ардақты аналарымыз ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беріп келеді. Алдағы уақытта да ұлтымыздың баянды болашағы жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектеспін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

647177605 1223703733284202 4140312353138457682 n

Салтанатты шарада шуақты мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған қызылоралық әйел-аналарға марапаттары табысталды. Сонымен қатар, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаты мереке иелерінің мерейін асырды. Айта кетейік, Ақордада өткен қабылдауда «Қызылорда» телеарнасының бас редакторы Тұңғышбаева Айнұр Нұрланқызы «Ерен еңбегі үшін» медалін Мемлекет басшысының қолынан алды.

647137505 1223703483284227 1859041695324367520 n
648177813 1223703309950911 6315280459814764496 n

Бұл – Сыр өңіріндегі іскер әйелдер қауымының адал еңбегіне берілген лайықты баға.

Аймақта 48 мыңнан астам көпбалалы отбасы болса, оның 17 мыңға жуығы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Алтын құрсақты аналар демографиялық ахуалды жақсартуға зор үлес қосып келеді. Өңірде отбасы институтын дамыту және аналарды әлеуметтік қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен «Анаға тағзым» орталығы салынған. Орталықта екі жылдың ішінде 40 мыңға жуық ана мен қыз-келіншекке қызмет көрсетілді. Сонымен қатар, кейінгі жылдары бой көтерген «Отбасы орталығында» болашақта шаңырақ көтеретін жастар мен жас отбасыларға психологиялық және құқықтық кеңестер беріліп, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Облыстағы барлық 7 ауданда заманауи үлгідегі «Руханият орталықтары» салынып, пайдалануға берілді. Аталған орталықтарда музей мен кітапхана жұмыс істейді.

Айта кету керек, өңірде соңғы екі жыл қатарынан «Анаға тағзым» республикалық форумы өткізіліп келеді.

645584645 1223703266617582 3180588342172554579 n
645373152 1223703216617587 105952303237672281 n
645132184 1223703213284254 823986145629710396 n
645320891 1223703356617573 2312351511797120441 n

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика