Сәрсенбі, 21 қаңтар, 19:45

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ерлан Қарин: Бурабайдағы құрылтайдың нәтижесінде 6 заң қабылданып, 10 заң жұмысқа алынды

20.01.2026

14

0

248fdb92 55ea 4260 adae 5d7dae09faf8
Фото: Ақорда

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайда  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Бурабайдағы құрылтайдың негізгі нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрылтайдың Бурабайдағы төртінші отырысынан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес, бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Біріншіден, құрылтай бастауларын жүзеге асыру барысында Парламент депутаттарының қолдауымен былтыр 6 заң қабылданды, — деді ол.

Мемлекеттік кеңесші бұл заңдар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқыққа қайшы келетін контенттің таралуын шектеу, жекеменшік объектілерге атау беруді жүйелеу, қоғамдық орындарда бет-жүзді бүркейтін киімге тыйым салу, археология саласын реттеу бағыттарын қамтығанын еске салды.

Бұған қоса осы уақыт ішінде тағы 10 заң жобасы жұмысқа алынды, — деді Ерлан Қарин.

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика