Сенбі, 27 желтоқсан, 13:01

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Екпінді ауылында 100 орындық клуб пайдалануға берілді

26.12.2025

14

0

600909036 1168502602137649 2711341311389594198 n
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданы Екпінді ауылындағы 100 орындық клубтың ашылу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, құрылыс саласындағы, мәдениетті өркендетудегі бастамаларға тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданып, бұл бағыт мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі болып белгіленгелі бері көп жұмыс атқарылды.

Ауылда шаруашылықты, кәсіпті дамыту үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларды тиімді, мақсатты пайдалану өте маңызды. Биыл облысымызға 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. Алдағы үш жылға 98 инвестициялық жоба жоспарланған.

Бүгін өздеріңізбен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған Екпінді ауылындағы 100 орындық клубтың ашылу салтанатына жиналдық. Жаңа мәдениет ошағында руханияттың алтын тамырынан нәр алған өнерпаздардың шығармашылығы шыңдала берсін! Екпінділіктерге жаңа клуб құтты мекен болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ел дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдері мен клубты сапалы салып, мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сенат депутаттары Наурызбай Сейтқалиұлы, Руслан Рүстемұлы құттықтау сөз сөйледі.

601507047 1168503035470939 4277012154048213884 n

Іс-шарада облыс әкімі ауылдың талантты жасөспірімдеріне домбыра сыйлап, ұлттық өнерді дамытуға бағытталған игі іске қолдау көрсетті.

Рәсімнен кейін аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, елді мекенді көркейту, абаттандыруға қатысты ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді назарда ұстап, кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Бүгінде Жаңақорған ауданының бюджеті 27 млрд теңгеден асты. Соңғы үш жыл ішінде ауданға 200 млрд теңге инвестиция тартылған. Өткен жылы «Оқушылар үйі» және «Өнер мектебі» ашылып, жеткіншектердің қабілетіне, бейіміне қарай тәлім беретін орталыққа айналды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде салынған 10 мектептің екеуі Жаңақорған ауданында бой көтерді.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жаманбай батыр және Қыркеңсе ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар, аудандық көпбейінді аурухана жанынан қосымша жаңа ғимарат салынды. Сонымен қатар, Төменарық ауылында амбулаториясы бар 15 орындық аурухана пайдалануға берілді.

601866445 1168503138804262 955030469848964652 n
603835683 1168502645470978 6872756513653992238 n
602406163 1168502598804316 8849158756936358116 n
602454940 1168502785470964 724600390133523769 n
602311031 1168503018804274 261326351214136166 n
603872839 1168502895470953 3370948799258076144 n

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз:

Яндекс.Метрика